Сұрақтары:
Хормен жұмыс істеуде орындаушылық дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін білесің бе?
Мәнер мен стиль ұғымдарының айырмашылығын ата.
Шығармалардағы штрихтар мен нюанстарды жасау әдіс – тәсілдерін жіктеп айт?
Қолданылған әдебиеттер:
Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.
10,11,12 - тақырыптар: Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану Жоспар:
Көркемдік кезеңнің мақсаты.
Қорытынды кезеңде жасалатын іс шаралар.
Әдеби мәтінмен жұмыс істеуде қолданылытын
Көркемдік кезеңнің мақсаты‑ берілген шығарманы өзерту, көркемдеу. Ол екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.
Бірінші фазаның міндеттері:
‑ мәтінді әуенсіз жаттату, бұл дегеніміз шығарма мәтінін музыкадан ажыратып, жеке туынды ретінде қарастыру. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде дикцияға көп көңіл бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін жаттатудың әдістерін өз еркімен таңдай алады, бірақ ең тиімдісі мозайкалық әдіс, яғни өлең жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;
‑ мәтіндегі көркем бейнелердің, сюжет жиілісінің мән‑мағынасын түсіндіре отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;
‑ өлеңнің басты мәселесін, негізгі ойын білдіретін сөздерді, сөз тіркестерін топшалау.
Екінші фазаның міндеттері:
‑ музыка мен мәтін сөздерінің үйлесімділігін аңықтау, егер де қандай да бір сәйкес келмеушілікті байқалынса, оның себептерін, сипатын аңықтай отырып тұсіндіру;
шығарманы әндету кезінде мәтін сөздері мен әуенді көркемдік дәрежеде үйлестіру.
3) Қорытынды кезеңнің мақсаты‑ алғашқы кезеңдерде жасалған жұмыстың нәтижелерін біртұтас жүйеге біріктіру. Қорытынды кезеңнің мерзімін хор жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына, белсенділігіне, көрсеткіш деңгейіне байланысты өзі белгілейді.
Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты мынадай жағдайларды ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу процесінде толық түрде ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп толық еліктіреді. Сол сияқты “з‑ш” немесе “с‑ш” түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, “ш‑ш” түрінде естіледі. Мысалы, бесжылдық (жазылуы)‑ бешшылдық (айтылуы); ә) жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз алғашқы буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”, “г”, “ғ”, “ж” дыбыстары айтуда қатаңдап “п”, “к”, “қ”, “ш” дыбыстарына айналады. Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы)‑ тұңғышпалан (айтылуы); б) ”қ”, “к”, “ғ”, “г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң” дыбысына айналады. Мысалы, сен қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б” және “п” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “м”‑ға айналады, мысалы, сен бердің ( айтылуы сем бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуы ыңғайлы болуы үшін алдынан “ы”, “і”, “ұ”, “ү” дауыстылары қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).
Осы айтылған ескертулерді хор жетекшісі дикциялық‑орфоэпиялық ансамбль құру кезінде міндетті түрде орындай отырып, оқушыларға түсіндіруі қажет. Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып орындауға дағдыландыру.
Вокалдық хор жанры интерпритациялау мен қатар, музыкалық және әдеби мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз бен әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады. Көрермендерге әсер ету дәрежесіне байланысты хор жанры бірқатар жетістіктерге ие болғанымен, орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре білу жағынан біршама қиындық келтіреді.Осы тұрғыда хор жетекшісі төмендегі талаптарды ескеру қажет:
1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем бейненің мәтін сөздерімен үйлесімділігі;
2) әдеби және музыкалық композицияның өзара байланысы;
3) көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация, музыкалық және сөйлеу интонациясының өзара сәкес келуі, музыкалық үлес пен әдеби синтаксисінің уақыт ара‑ қатынасына сәйкес үлесімен тепе‑теңдігі және сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.
Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш екпініндегі ерлік, батырлық тақырыбындағы немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты, салтанатты орындалып, дауыссыз дыбыстарды нық, ад дауыстыларды іріленіп, қомақталынып айтылуын қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз дыбыстардың жұмсақтау, әрі қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын талап етеді.Сонымен қатар әдеби мәтіннің айтылу ерекшелігі хор фактурасының стиліне де байланысты. Мысалы: музыкалық дамуда қосымша дауыс немесе полифониялық әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі құрып, дербес дамып отыратындықтан ән сөздері барлық партияларда бір мезгілде айтылмайды.
Қорытындылай келсек, вокалды хор шығармасының әдеби мәтініне байланысты мәселелердің бірі‑ әдеби тілдің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтап, мәтінді жазылуы бойынша емес, айтылуы бойынша орындай білу. Орфоэпияның негізін тіліміздегі үндестік заңдары: ассимиляция (дауыссыз дыбыстарына қатысты байланыс) және сингармонизм (дауыстылардың бір‑бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар тұрған екі дауыссыз дыбыс бір‑ біріне ықал ету арқылы өзгеріске ұшырайды. Сондай‑ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін тигізеді. Дауыстылардың бір‑біріне ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін дәлел ретінде келтірейік:
а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);
ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);
б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);
в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);
г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);
д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);
Осыған сәйкес жасайтын қорытындымыз: үндестік заңдылығына сәйкес бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа, кейінгі дыбыс өзінен алдыңғы дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір‑біріне әсер ету нәтижесінде қандай да бір дауыссыз дыбысты басқа дыбыспен алмастырады немесе екі дауысты қосарланып бір дыбысты ғана береді.
Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес келе бермейді. Орыс тілінің орфоэпиясы дауысты дыбыстарға дауыс екпіні түспеген кезде олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал қазақ тілінде екпін түспеген дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында келсе де, өздерінің үндік сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда да солай аңық көмескіленбей орындалады.
Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке дыбыстарды дұрыс оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.
Хорда вокалдық‑хор дағдыларын дамыту мақсатында өткен заманның және қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс‑тәжірибемен дәлелденген әдіс‑тәсілдерді қолдану қажет. Соның ішінде қазіргі уақытта кең қолданылып жүрген артикуляцияға және тыныс алуға байланысты жаттығу түрлерін атап өтсек:
а) бірінші дыбысты әндетпей тұра, оны алдын‑ала санамызда елестетіп, өз ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);
ә) шығарманың әуенін дауысты «у» дыбысына вокализ түрінде стаккато штрихымен әндету. Мақсаты: дыбысты дұрыс атакалау және интонациялауды тазарту, форсировканы жою.
б) берілген музыкалық шығарманы «лю» буынына вокализациялау, мақсаты: дауыстардың боялық реңін өзара теңестіру, кантеленаға қол жеткізу, фразировканы жетілдіру;
в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі көрсеткші болып есептелетін пиано динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;
г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде жоғарғы дыбысты төменгі позицияда, ал төмен бағытталған интервалдың төменгі дыбысын жоғарғы позицияда әндету қажет;
д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге асыру мақсатында мәтін сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;
е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына қарағанда бірдей биіктікте, жоғарғы регистрде әндету;
ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар мәтін сөздерін мәнерлеп оқыған кезде шығарма мазмұнын жете түсініп, көркем образдарды айқын елестетіп, мән‑мағынасын ұғады.
з) мәтіндегі жеке фразалардан мағына жағынан үйлесетін сөз тіркестерін, жеке сөздерді топшалау және берілген шығарманың әрбір шумағының өзекті тақырын аңықтау;
Сұрақтар:
Хорда көркемдік бейнені ашу үшін қажетті вокалдық дағдыларды ата.
Көремдік бейнені жасауда қолайлы әдіс – тәсілдерді ажырата аласың ба?
Шығарманың көркемдік бейнесін ашуда әдеби мәтіннің ролін анықтап бер.
Қолданылған әдебиеттер:
Г.А.Дмитрискийдің. Хор және оны басқару.
В.А.Самарин. «Хроведение и хоровая аранжировка».
Әсембекова К. «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері»