Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


,8,9 - тақырыптар: Орындаушылық дағдылар: орындаушылық стиль, орындау қарқын мәнері, штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті



бет35/40
Дата06.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#32772
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
7,8,9 - тақырыптар: Орындаушылық дағдылар: орындаушылық стиль, орындау қарқын мәнері, штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті
Жоспар:

  1. Орындаушылық стиль, орындау карқын мәнері

  2. Штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті

Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.
Нюанстерді көрсететін қол‑қимыл белгілері басқа да дирижерлау техникасының элементтері секілді қандай да бір шектеулі жүйеге бағынбайды, яғни әрбір дирижер өзіне ыңғайлы деген, хор мүшелеріне түсінікті болатын қол‑қимылдарын таңдайды немесе өзі ойдан ойлап шығара алады. Дегенмен, музыкалық нюанстерді көрсететін қол‑қимылдарының жалпы ортақ белгілері бар: мысалы forte‑ні, яғни қатты дыбыс күшін көрсету үшін дирижердың корпусы және қол білезігі дыбыстың қатты шығуын бейнелеу үшін ауыр салмақпен, кең амплитуда көрсетілсе, piano (өте ақырын) белгісінде амплитуда көлемі екі есе кішірейіп, қол­‑қимыл жұмсақ, әрі нәзік орындалуы тиіс. Пианоны көрсету үшін іс‑тәжірибеде кеңінен қолданылатын қол‑қимыл түрі: сол қолдың алақанын тұтас хорға немесе белгілі бір партияға қарату.
Крещендоны (дыбыс күшінің біртіндеп ұлғайтылуы) көрсеткен уақытта бүкіл дирижерлық аппаратқа (қол, бас(беті, көзі)), дене кеуде аяқ бөлімдері, иық, кеуде) қысым түсіру арқылы біртіндеп қол­‑қимыл амплитудасын ұлғайтамыз, ал диминуэндоны (дыбыс күшінің біртіндеп азайтылуы) көрсету үшін қысым күшін әлсіретіп, қол‑қимыл амплитудасын біртіндеп кішірейтеміз.
Жалпы дирижер жестінің дәлдігі хор мүшелерінің белгілі бір нюанс жасауда және шығарманың сипатын көрсетуде үлкен орын алады. Мысалы, қол‑қимылдың кенеттен жасалған жүрдек серпілісі форте динамикасына, жылдам екпініне тән, ал кең тынысты, баяу қол‑қимылы пиано атты динамикалық белгісін, орташа екпінді білдіреді.
Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano) бір үлеске ертерек көрсетіледі. Ал legato‑ны (дыбыстарды өзара байланыстырушы белгі) көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.
Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының едәуір айырмашылықтары бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және нүктелері жұмсартылған, ал стакккатода керісінше, ішкі үлестік қимыл қысқартылған, нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.
Осылайша стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда басқаша қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек, өте өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының көлемін талап етеді. Осыдан барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі қол қимылының орнынан сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ тірек болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер тастауға мүмкіндік бере сәл көтеріледі. Стаккато мен легато штрихтарын орындау барысында “дирижерлық нүктелер” екі жағдай да саусақтың ұшымен немесе бүкіл қол қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта беріледі (ал легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі). Бірақ легатоның нүктелері жұмсақ, жабысқақ болады, барлық қол иықтан төмен дыбысты нүктеге апарар кезінде қол қоспасының қимылына ереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет