Химиялық номенклатура. Химиялық элементтердің, оксидтердің, қышқылдардың, тұздардың атаулары.
Латын тiлiндегi барлық химиялық элементтер 2-шi жiктеу орта тектегi зат есiмдер; тек Sulfur,uris n (III),Phosphorus,i m элементтерi ғана ережеге бағынбайды.
Көңiл бөлiңдер.
Менделеев таблицасындағы химиялық белгiлер латын атауларымен берiледi: Ca – Calcium, K – kalium.
Фармацевтік химия термині – бұл химиялық элементтер атаулары. Олар зат
есімнің екінші септелуінің орта тегіне жатып «um» жалғауымен аяқталады.
Мысалы : Aurum – алтын
Aluminium – алюминий
Borum – бор
Bromum – бром
Calcium- кальций
Ferrum- темір
Magnesium – магний
Natrium- натрий, тағысын тағы
Латынша атауы
|
Символ
|
Қазақша атауы
|
Aliminum
|
Al
|
Алюминий
|
Argentum
|
Ag
|
Күміс
|
Arsenicum
|
As
|
Мышьяк
|
Aurum
|
Au
|
Алтын
|
Barium
|
Ba
|
Барий
|
Bismuthum
|
Bi
|
Висмут
|
Borum
|
B
|
Бор
|
Bromum
|
Br
|
Бром
|
Calcium
|
Ca
|
Кальций
|
Carboneum
|
C
|
Көміртек
|
Chlorum
|
Cl
|
Хлор
|
Cuprum
|
Cu
|
Мыс
|
Ferrum
|
Fe
|
Темір
|
Fluorum
|
F
|
Фтор (от греч. phthorios разрушающий)
|
Iodum
|
I
|
Йод
|
Hydrogenium
|
H
|
Сутек
|
Nitrogenium
|
N
|
Азот
|
Oxygenium
|
O
|
оттегі
|
Hydrargyrum
|
Hg
|
Сынап
|
Kalium
|
K
|
Калий
|
Lithium
|
Li
|
Литий
|
Magnesium seu Magnium
|
Mg
|
Магний
|
Manganum
|
Mn
|
Марганец
|
Natrium
|
Na
|
Натрий
|
Phosphorus
|
P
|
Фосфор
|
Plumbum
|
Pb
|
Қорғасын
|
Silicium
|
Si
|
Кремний
|
Stibium
|
Sb
|
Сурьма
|
Sulfur
|
S
|
Күкірт
|
Thallium
|
Ti
|
Таллий
|
Zincum
|
Zn
|
Мырыш
|
Қышқыл атауларының жасалуы
Латын тiлiнде, қышқылдар атаулары атау септiгiндегi acidum,i - қышқыл сөзiнен және байланысқан сын есiмнен тұрады. Бұл сын есiм қышқыл жасаушы элементтiң негiзiне icum және osum жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Iс – жұрнағы көп мөлшерде қышқылданғанын көрсетедi. Мысалы:
Acidum Sulfur – iсum күкiрт қышқылы.
Acidum barbitur – ic – um – барбитур қышқылы.
Os – жұрнаѓы аз мөлшерде ќышќылданѓанын білдіреді.
NB! Химиялық мағына беретiн төмендегi сөздiк бөлiктердi еске сақтау керек.
Hydr= грек hydro – су – сутегiнiң, судың немесе гидроксидi топтың бар екендiгiн бiлдiредi. Ох(у)+грек oxy - қышқыл, оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi.
Оксид атауларының жасалуы
Оксидтер атаулары 2 сөзден тұрады. Бiрiншi iлiк септiгiнде элемент атауы, екiншi – оксидтердiң атаулары атау септiгiнде қолданылады. Оху – сөздiк бөлiк оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi, ал префикстер қосылыстардың құрамын көрсетедi. Мысалы:
Oxydum,i n – оксид
Peroxydum,i n - пироксид
Hydroxydum,i n – гидроксид
ZnO – Zinci oxydum – мырыш оксидi
H O = Hydrogenii peroxydum – сутегi пероксидi
AL (OH) - Aluminii hydroxydum – Алюминий гидроксидi.
Көмiртектiк радикалдар атауларында қолданылатын
сөздiк бөлiктер
Көмiртектiң радикалдар атаулары –yl – жұрнағы арқылы жасалып күрделi сөздер қатарына кiредi.
Мысалы: Benzylpenicillinum, Aethуlmorphinum.
Радикалдар атаулары өз алдына сөз болып, өте сирек қолданылады. Ол кезде олар атау септiгiнде ium, ал iлiк септiгiнде – ii болып аяқталады.
Мысалы: Methуlii salicylas – метил салицилат (силицил қышқылының метильдi эфирi).
Мына сөздiк бөлiктердi еске сақтаныздар:
а) meth – метил топтары. в) phen – фенил топтары
б) aeth – этил топтары г) benz – бензол топтары
Дәрiлiк заттар атаулары:
Aethylmorphinum, i n – этилморфин
Atrophinum, i n – атропин
Barbamylum, i n – барбамил
Benzylpenicillinum, i n – бензилпеницилин
Camphora, ae f – комфора
Chloformium, i n – хлороформ
Codeinum, i n – кодейн
Coffeinum-natrii benzoatis – натрийдiң кофейн-бензоаты
Ephederinum, i n – эфедерин
Glucosum, i n – глюкоза
Lincomycinum, i n – линкомицин
Methylii salycylas – метилсалицилат
Morphinum, i n – морфин
Oleandomycinum, i n – олеандомицин
Oleum Helianthi – күнбағыс майы
Oleum Olivarum – оливка майы
Phenobarbitalum, i n – фенобарбитал
Phenoxymethylpenicilinum, i n – феноксиметилпенициллин
Phenylii Salicylas – фенилсалицилат
Pilorocarpinum, i n – пилокарпин
Platyphillinum, i n – платифиллин
Rutinum, i n – рутин
Streptocidum, i n –стрептоцид
Strychninum, i n – стрихнин
Synoestrolum, i n – синэстрол
Басқа сөздер:
Glycepophosphas, atis m – глицефосфат
Nydrotartas, atis m – гидротартат
Isotonicus, a, um – изотониқалық
Tio sulfat, atis m – тиосульфат
Химиялық мағынаны беретiн сөздiк
бөлiктер
Thi- (грек. theion – күкiрт) - құрамында атомды араластыратын күкiрттiң бар екендiгiн көрсетедi: Thiaminum, Thiopentalum.
Az, zol, (a)zin, (a)zid – (Азот-сөзi грек: azot-азот. a – жоқ , zoon - өмiр) - құрамында азот немесе азоттоптарды бар екендiгiн көрсетедi: Corazolum, Aminazinum.
Phthor- (грек: phthoros – талқандау, бұзу) – құрамында фтор қосылысы бар екендiгiн көрсетедi: Phthoracizinun, Phthorothanum.
Тапсырма 1.
Рецептерді латын тіліне аударыңыз:
Ал: Сүт қышқылын 50 мл
Бер.
Белгіле : қынапты шаю үшін.
Ал: Никотин қышқылының таблеткаларын 0,05 саны 50
Бер.
Белгіле: 1 таблеткадан күніне 2 мезгіл
Ал: Салицил қышқылын
Сүт қышқылын бірдей 6,0
Концентраттанған сірке қышқылын 3,0 коллоидти
Араластыр. Бер.
Белгіле : сүйелге жағу үшін.
Тапсырма 2.
Қышқылдардың атауларын латын тiлiне аударыңыз:
Бор қышқылы
Лимон қышқылы
Азот қышқылы
Сірке қышқылы
Никотин қышқылы
Аскорбин қышқылы
Күкірт қышқылы.
Сүт қышқылы,
Ацетилсалицил қышқылы
Тапсырма 3.Тотықтар, қышқылдар атауларын ажыратыңыз, қазақшаға аударыңыз.
Calcii oxydum,
Hydrogeni peroxydum,
Nitrogenium oxydulatum,
Acidum sulfiricum,
Acidum sulfurusum,
Acidum Acetylsalicylicum,
Acidum Glutaminicum
Тапсырма 4. Латын тілінде жазыңыз:
1.Никотин қышқылының таблеткалары .
2. Қабықпен қапталған глутамин қышқылының таблеткалары.
3. Кальций оксиді таблеткалары.
4. Ал 5 тамшы хлорсутек қышқылын.
5. Көзге мырыш жақпа дайындаңыз.
6. Салицил қышқылының жақпа майы 3%. .
Достарыңызбен бөлісу: |