ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ
МӨЖ Эссе тақырыбы: Осыдар 100 және 150жылдан кейін Қазақстандағы
ғылымның дамуын қалай елестетесің
ғылымның дамуын қалай елестетесің
Қазақстандағы ғылымның пайда болуы сонау ежелгі заманнан ғылыми ойдың тууы,туындауы әсерінен пайда болды. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді.
Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды. Ғалымдар болжамына үңілсек, жақын жылдары адамзатты кванттық революция күтіп тұр. D-Wave кванттық компьютері қазіргі жеке компьютерге қарағанда 3600 есе қуатты болады делінеді. Шамамен, енді бес-он жылдан соң компьютердің қуаты адам миының қуатына – секундына 20000000 миллиард операция орындайтын орасан зор қуатқа ие болса, онда компьютер адамға айналды дей беріңіз. Мур заңы (ол заң бойынша, әрбір чиптегі транзисторлар саны жыл өткен сайын екі есеге көбейіп отырады және бұл тенденция жақын арада өзгере қоймайды) аман-есен тұра берсе, 2060 жылы компьютердің қуаты бүкіл адамзаттың ақыл-ой санасы қуатымен тең болады екен. Ары қарай ойлаудың өзі қорқынышты.
«Ақырзаман боларда он сегіз мың ғалам бір тарының қауызына сыятын болады» дейді діндарлар. Мынау нақ соның өзі. Егер Мур заңы өзінің маңыздылығын жоятын болса, онда әлемдік экономикада апат болады, болмаса технология дамуын ары қарай жалғастырады – кванттық компьютер дәуірі басталады, оның қуаты, жоғарыда айтқанымыздай, жаншошырлық.
«2020 жылы адамзат төртінші компьютерлік дәуірге аяқ басатын болады» деді Microsoft компаниясын зерттеушілер. Оның басты айырмашылығы – бір қолданушының өзінде көптеген компьютердің, мәселен, жарық жылдамдығымен жұмыс істейтін биокомпьютер, оптикалық компьютер, кванттық, т.б. компьютердің болуы. Microsoft компаниясының негізін салушы миллиардер Билл Гейтс адамзаттың компьютерлік болашағы жайында бірнеше болжамын жариялады.
Сонымен, 2030 жылы... Компьютерге диктовка жасап, ауыздан шыққан сөзіңізді еркін жаздыра бересіз. Қысқасы, компьютер көптеген функция орындайтын сіздің жеке хатшыңызға айналады. Адамдар қолына микрочип орнатып, секунд сайын компьютер денсаулығы жөнінде ақпарат беріп отырады. Осылайша, ағзаға қай жерден қандай вирус шабуылдап жатқанын адамның өзі кәдімгідей біліп, аурудың алдын алып, сақтанып отырады.
2045 жылы кез келген адам өзінің қартайған не істен шыққан органдарын жаңасына ауыстыра алатын болады. Жасанды жүрек, бүйрек, өкпе, тіпті жасанды ми қолданысқа дендеп енеді. Қазірдің өзінде жасанды қол мен жасанды аяқ жасалып қойғанын ескерсек, бұл айтылғандарға да жетеріміз анық.
Нәтижесінде, адамзаттың орта жасы қазіргі 40-тан 80-ге дейін өсетін болады. Орта ғасырда адам жасы орта есеппен 35 жыл болса, бүгінде ол 58-65 жас, ал дамыған жекелеген елдерде 90-ға жетіп отыр. Мамандар экологиялық қолайлы жағдай туғызылса, адамзаттың орта жасын 100-ден еркін асыруға болатынын айтады.
2050 – соңғы жанармаймен қамдау орталығы жабылады. Енді барлық көлік сутекпен жүреді. 2056 жылы көліктерді қашықтықтан жөндеу іске асырылды. Енді механиктер үйде отырып, тапсырыспен көлік жөндейді. 2058 жылы жерасты қалалары бой көтере бастады. 2060 жылы таза ауаға салық төленетін болады. 2061 жылы Жердің халқы 10 миллиардқа жетеді. 2064 жылы жердегі тіршіліктің баламасы бар ғаламшар табылады. 2071 жылы уақыт бірлігі жиілей түседі. 2075 жылы иероглифтерді оқи алатын машина майялардың жазбаларын оқиды 2087 жылы БҰҰ тілі (жасанды тіл) жалпыұлттық болып табылады. 2088 жылы Токиода жасанды сана қолданысқа енгізіледі. 2092 жылы төлем карталары қолданыстан мүлдем шығады, себебі адамдар қолына басылған ДНК тетік арқылы төлейтін болады. 2093 – Жердегі барлық түрме Шолпан ғаламшарына ауыстырылады. 2094 жылы Марс атмосферасында өсірілген алғашқы раушан Жерге жеткізіледі. 2095 жылы адамдар гаджеттерден электронды мобильділікке толық көшеді. 2096 жылы білімді тікелей санаға енгізуге мүмкіндік болады. 2099 жылы теңізде жүзетін қалалар пайда бола бастайды.
Бұл әрине 100 жылдан кейінгі ғылымның дамуының жалпы әлемдік болжауы.
Ал Қазақстанға келер болсақ дүние жүзімен салыстырғанда Қазақстан бұндай көрсеткіштерге жете алады деп айта алмаймын. Алайда бұл жаңалықтар бізде ойлап табылмаса да осы көлемде жұмыс жасайды, мысалы, адамдардың қартайған дене мүшесін ауыстыруды ойлап таба алмаса да, өзге елдерден оқу, практика алмасу нәтижесінде ол операцияларды бірте-бірте біздің елде де жасайтын болады.
Менің ойымша 100 жылдан кейінгі Қазақстан, біз қазір елестетіп отырғаннан да көп есе дамитын болады. Білім жүйесі жоғары деңгейге жетеді, мүмкін мектептегі білім қашықтықтан оқыту жүйесіне толық өтеді не мүмкіндігі шектеулілер үйде отырып сыныптағы балалардың жанында отырғандай жағдай жасайды. Әрине қазіргі пандемия жағдайындағыдай ата аналардың қиналуындай болмайды, оңай түрін шығарады, интернет байланыс жақсарады. Халықтың жағдайы жақсарады кедейлік азаяды. Экономика дамыған сайын, ғылым дамыған сайын елдің халықтың қәл ауқаты жақсарады.
«Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы.» Уильям Гибсон
« ...болашақ — оны аламыз ба, жоқ па деп сұрайтын қалыңдық емес.»
Милорад Павич «Белградтың өмірбаяны»
Бірінші ойға келетін болсам, бүгінгі күнде жасаған жұмыстарың болашақтағы жемісің.
Ал екінші ойға келетін болсам, көп адамдар айтады өмірім өз қолымда, болашағым өз қолымда деп жатады. Олай емес. Сен тек болашақтағы жұмысыңа қазіргі оқуың, талмай жасаған жұмысың әсер етуі мүмін не әсер етпей басқа затпен айналысуың да мүмкін. Ал басқасы, қалай өмір сүресің қайда боласың беймәлім.
Түйін.
Біз болашақтағы Қазақстанды не дүние жүзіндегі болуы мүмкін заттарды қазіргі ғылымның дамуы не зерттеліп жатқан салаларына қарап тек болжам жасай аламыз.
Ал дүниенің қалай болатынын басымызға не жазылғанын айта алмаймыз.