СПБ станоктарының орындаушы құрылғылары: басты жетек, беру жетегі,
қосымша құрылғы жетектері (құралды автоматты түрде ауыстыру құрылғысы
жəне т.б.) болып табылады. Басты жетек жəне беру жетегіне жоғары қуатты
жəне қатаңды талаптары, жылдамдықты реттеу жəне басқару мүмкінділігі
қойылады. Жетек ретінде əдетте асинхронды электроқозғалтқыштар, мотор-
шпиндельдер (басты жетек), гидрокүшейткішпен біріккен тұрақты тоқты
электроқозғалтқыштары қолданылады. Беру жетектерінде гидрокүшейткіші бар
қадамдық электроқозғалтқыштар, төмен айналымды электроқозғалтқышы бар
электрлік жетектер, гидрожетектер қолданылады.
Беру жетектерінде беріліс механизмдері ретінде бұрандалы сомын, саңылау
мен керілісті реттеуді автоматты түрде таңдайтын тістік жəне қайыстық берулер
қолданылады. Басқарудың негізгі объектісі болып келетін станок бірнеше
координаталармен басқарылатын орындаушы механизм болады. Металлкескіш
СПБ станоктарын шартты түрде екіге бөлуге болады: айналу денелерін өңдеу
үшін арналған жəне корпусты бұйымдарды өңдеу үшін арналған станоктар. Ең
əмбебаптысы - көпмақсатты станоктар болып табылады. Қазіргі заманғы
станоктардың өнімділігін жоғарлату мақсатында шпиндельдің айналу
жылдамдығын (4000 айн/мин аса), жұмыстың беру жылдамдығын (3м/мин), тез
жүріс жылдамдығын (10м/мин) көбейткен. Осы жерде дəлдік бойынша қатаң
талаптары орындалады.
СПБ станоктарының негізгі даму тенденциялары келесідей:
- ЭЕМ, контроллер, микропроцессорлық комплектерді пайдалана отырып
СПБҚ жасау, микроэлектроникалы СПБ станоктарын электроавтоматикада
қолдану, станок жүйесіне диагностикалық құрылғыларды енгізу;
- бұйымдарды өңдеу жəне басқаруды тиімділігін қамтамасыздандыратын
автоматтандырылған өздігінен бейімделетін (адаптивті) құрылғыларды кеңімен
ендіру;
- жеке станоктарды сонымен қатар станоктар тобын да басқаратын СПБҚ
жасау. Өндіріс аймағының жұмысын бақылау жəне жобалау, станок қатесін
түзетуді қамтамассыз ететін бақылау құрылғыларын жəне көлік жолын,
қоймаларды, станоктар мен роботтар жинағын ЭЕМ-мен басқару;
- шпиндельдің айналу жиілігін сатысыз реттейтін үлкен диапазонды
автоматтандырылған жетектерді ендіру жəне ең жетілген түрлендіргіштер мен
қозғалтқыштарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: