сервотаңбаны
іздеу
басталады. Дискінің
кез
келген
аумағында
сервобелгіленулер болғандықтан, сервоимпульстер айнала бастағаннан бастап
бастиектен келіп түседі жəне олардың жиілігі арқылы дискінің айналу
жылдамдығын
білуге
болады. Айналдыруды
тұрақтандыратын
жүйе
сервоимпульс ағынын бақылап отырады, номиналды жылдамдыққа жеткен кезде
“қармау” басталып, айналу жылдамдығының кез келген ауытқу кезінде
қозғалтқыш орамындағы тоқтың өзгеруімен түзетіледі. Айналудың номиналды
жылдамдығына жеткен кезде бастиек жетегінің бекіткіші босатылады да басқару
жүйесі оның жаңа орында бұрылу жəне ұсталу қабілетін тексереді. Ол үшін əр
түрлі бағытта бірнеше тез бұрылулар жасалады, ол винчестер қосылғаннан кейін
бірнеше секундтан соң құлаққа “шу” сияқты естіледі. Бастиектің орын ауысуы
кезінде бастиектен келіп түсетін сервоимпульстер əрдайым бақыланып отырады,
сондықтан басқару жүйесі бастиектің қанша жолшық бойынан өткенін біліп
отырады. Осылайша таңдалған жолшықта бастиекті ұстап тұру ұқсас болады-
жолшық центрінен ауытқыған кезде сервоимпульс пішіні мен шамасы
өзгергенде басқару жүйесі жетек орамындағы тоқты өзгерте ауытқуды жойып
отырады. Бастиектің жетегін тестілеу кезінде сұрыптау (калибровка) да
жасалады, яғни “тигізбеудің” аз саны кезінде бастиектің дəл жəне тез орнын
ауыстыру үшін басқару сигналдар көрсеткіштерін таңдайды. Одан кейін
қызметтік аумақтан ақпаратты оқу орындалады. Винчестердің ТСҚ-да бастапқы
қосу программасы ғана сақталады. Ал ОСҚ-на басқару программасының басқа
бөліктері жүктеледі. Сонымен қатар, ОСҚ-на ақаулықты қайта белгілеу картасы
да жүктеледі, онда дискілердің зауыттық белгіленуі кезінде шыққан ақаулық
секторлары белгіленген; бұл секторлар жұмыстан шығарылып жəне əр дисктің
бөлек аумағында жəне əр жолшықта болатын резервпен ауыстырылады.
Осылайша, дискіде ақаулықтар болса да (қазіргі кезгі жазба тығыздығында олар
əрқашан да бар), пайдаланушыға жаңылысу секторларынан бос “таза” винчестер
болып көрінеді. Микрокомпьютердің мехникасын жəне электроникасын
баптағаннан кейін, винчестердің БК-сі жүйелік тақшада орналасқан
контроллерден күту команда режиміне ауысады. күтеді. Команданы алғаннан
кейін ол керек бастиекті қосады, сервоимпульс арқылы керек жолшықты табады
да, бастиекке керек секторға жеткенше күтіп, ақпаратты оқуды немесе жазуды
орындайды. Егер контроллер бірнеше сектордың оқу/жазуын сұраса, винчестер
өзінің ОСҚ буфер ретінде пайдаланып оқу/жазуды, ақпаратты контроллерге
беру немесе алумен бірлестіріп, блоктық режимде жұмыс істей алады. Диск
жұмысы кезінде бастиек орнын бақылаушы жүйе жұмыс жасап отырады:
үзіліссіз шығып отырған сигналдан қиыспау сигналы бөлініп, ол бастиектің
жетек орамындағы тоқты басқаратын кері байланыс схемасына беріледі. Бастиек
центр жолағынан ауытқыған кезінде орамда оны орнына қайтаруға ұмтылатын
сигнал пайда болады. Қорек көзін сөндірген кезде БК бастиекті бастапқы күйге
орнату командасын береді, бұл команда айналу жылдамдығы межеліктен төмен
түскенше орындалып үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: