Қaзaқстaн Республикaсының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті
Фaкультеті: Философия және Саясаттану
Мамандығы:Әлеуметтік жұмыс
БӨЖ
Тaқырыбы: Балаларға арналған оңалту және профилактикалық бағдарламалар
Орындaғaн: Таған Нұрдана
Қaбылдaғaн: Нұран Динара
Aлмaты 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі бұл бағыттағы шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде балаларға арналған шағын және орташа оңалту орталықтар желісін арттыру т.б. іс-шаралар қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
«Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», — деді ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 690,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Олардың ішінде 61,5% еңбекке қабілетті жаста, 25,6% зейнет жасындағы азаматтар, 12,9% 18 жасқа дейінгі балалар (89,4 мың), оның ішінде жүйке жүйесінің ауруы бар балалар 26,5 мың болса, олардың 17,4 мыңы церебралды сал ауруына (БЦС) шалдыққандар. Елімізде әр жыл сайын 11 мыңнан астам баланың мүгедектігі бар екені анықталады. (2018 жылы 11 815 бала мүгедек ретінде анықталды), олардың 22,9%-ға жуығы жүйке жүйесінің аурулары бар балалар (2018 жылы – 2703 бала), оның ішінде 50% астамы БЦС диагнозымен (2018 жылы – 1364 бала). ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте 2019 жылдың соңына дейін церебралды сал ауруы диагнозы бар балаларды медициналық және әлеуметтік қолдауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетінін хабарлады. Осы мақсатта «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша шағын және орта оңалту орталықтары желісін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ баспасөз конференциясында «қадамдық қолжетімділік» шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін кеңейту қажеттігі де атап өтілді. Қазіргі таңда Қарағанды облысында аталған бағыттағы сынақ жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды қаласы Майқұдық тұрғын аймағында жыл соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған және неврологиялық ауытқулары бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Ол 50 төсекке есептелген және жылына 3 000-ға жуық бала қабылдайды. Оңалту орталығы балалар ауруханасының аумағында орналасатын болады. Балаларды оңалту орталығында барлық қызмет түрі Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша тегін көрсетіледі. Алғашқы емделушілерді оңалту орталығы ағымдағы жылдың соңында қарсы алады.Айта кету керек, Жезқазған өңірінде бірнеше жылдан бері мемлекеттік балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді.Сонымен қатар ағымдағы жылы 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту көмегін ұйымдастыру бойынша Жол картасы бекітілді. «Қамқорлық» Жол картасы аясында Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 350 орындық оңалту орталығын жасақтау жоспарлануда, оның ішінде: балалар кардиологиялық – 15, балалар неврологиялық – 40, балалар нейрохирургиялық – 20, балалар травматологиялық – 16 орындық оңалту орталығы ашылатын болады. Жоба бойынша өтінім (бизнес-жоспар, қаржы-экономикалық модель) әзірлеу сатысында.
Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде оңалту көмегін дамыту жоспарын әзірлеуде. Оңалту қызметі бойынша өңірлік үйлестірушілер тобы 2019 жылғы 14-27 қазан аралығында шетелдік клиникада (Литва) оңалту қызметін жетілдіру мәселелері бойынша дәріс алды. 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы медициналық білім беру ұйымдарының базасында өңірлердің мультидисциплинарлық топтары үшін мастер-класстар өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |