Айт мерекесінің ойын-сауығы
Сахналарда, алаңдарда халық әндері мен күйлері шалқиды, елге танымал тарландар, жас таланттар бірінен соң бipi халықты айтымен құттықтап, өз өнерлерін керсетеді. Тәрбиелік мәні терең термелер мен өсиеттерді ағылтқан жыршылар халық iшінe кең тараған жыр маржандарын төгілтіп орындап, өнерді қыздыруға міндетті.
Арнайы киіз үйлерде қазақтың қолөнері, зергерлік, ұсталық, ісмерлік, әр түрлі тоқыма өнерлері бойынша шағын-шағын көрмелер ұйымдастырылып, ең үздік деп табылғандарына бәйге белгілеген жөн. Қылқалам шеберлері де бұл күні өз творчестволарын халық алдына
жарқыратып жайып салуына мүмкіндігі мол.
Айт күндері радио мен теледидардан осы мерекеге
байланысты әңгімелер, концерттер, байқаулар, өнер сайыстары молырақ, жүйелі түрде беріліп жатса, халық көп нәрседен хабардар болары, айт мерекесінің мәні де тереңдей түсері даусыз. Белгілі өнер шеберлеріміздің арнайы концерттер бepiп, әр түрлі сахналық
қойылымдардың қойылғаны да, әзіл мен сықақ кештерін
ұйымдастырып, цирктерде арнайы бағдарлама керсету де артық болмайды. Әсіресе, балалар өнepiне кең көмек көрсетілуі қажет. Олар осы күні өз ұстаздарының, жетекшіллерінің басқаруымен айт мерекесіне байланысты шағын-шағын өнер көрсетіп, халық алдына шықса - мұның өнегелілік жағы терең де пайдалы болмақ.
Осы айт күндері ұйымдастыратын бip жарыс бар. Ол - жарапазан айту. Әрине, жарапазан отыз күн оразада айтылады. Бірақ осынау жоғалып кеткен қазақ поэзиясының бip түpi жарапазанды айт күндері қайта жаңғыртса да артығы болмас еді. Жарапазан айтушылардың бұл күні халық алдына шығып, өзара бәсекеге түcyi қазіргі күннің
талабына орайлас шығып жатса, сөз жоқ, жұрт қолдауына бөленер еді.
Ел алдына шығу үшін жарапазаншылар бұрынғы жарапазан үлгілерін алуына, оны жаттап жаңғыртуына, өзi де соған орай жаңа жарапазан жырларын туғызуына да болады. Жарапазан айтушылардың көпшілік қауым алдындағы сайысы көңілді баурап алары сөзсіз.
Бұл аталған шаралардың бәpi үш күн айт мерекеci
кезінде жүйелі түрде жүргізілуі шарт. Оған тиістi
қоғамдық орындар, арнаулы ұйымдастыру ұжымы бақылау жасап басқарып отырады. Ал мерекенің аса мерейлі де қуанышты, шаттыққа толық болып өтуі бәрімізге тікелей байланысты. Сондықтан қадірлі ағайын, oған өзіңді де жауаптымын деп есептегейсіз!
Ендеше, тағы айтар ақ тілегіміз:
Айтыңыз құтты болсын, ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: |