Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет36/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
Құрбан айт
Мұсылмандардың аса қадірлеп атап өтетін мейрамдарының бipi - құрбан айт. Арабша - Ил аль - адха немесе ал - ид ал - кабир, йаум ал адха, ид ал – кұрбан, ид ан -нахр, татарша - буййук байрам деп аталынса, Үнді, Пакистан, Бангладеш елдерінде - бакар - ид деп, парсы тілдес елдерде - эйде корбан деп аталады. Бұл сөздің тура мағынасы - кұрбан шалу дегенді білдіреді.
Кұрбан айт отыз күн оразадан соң 70 күннен кейін келеді. Ол үш-төрт күнге созылады.
Ғасырдан ғасырға мұсылмандардың бұлжытпай орындап, жылдың белгілі мезгілінде атап өтіп келе жатқан бұл
рәсімді күндердің шығу тегі, оның өзіндік сыры - тарихы, өмipre осыншалықты етене болып еніп, қалыптасып қалуы тағылымдық, танымдық жағынан да әсерлі әрі терең сырға толы. Қарап тұрсақ, көптеген салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптарымыздың пайда болуы, өмірде тұсауының кecілуi түркі тілдес елдердің бәріне тән ортақ нышандарымен, мазмұн-мәнімен, сабақтастық сипатымен ерекшеленеді. Тарихи тамырластықтың санада қалған өнеге касиеттерінің арқасында ұлттық болмыстың рухани ізгiлігi мен шапағатына бөленеді.
Сондықтан табиғи ортада өмip cүpin отырып, тірлікпен
бipre жасасып келе жатқан дәстүрлеріміздің тарихын білy – бәpiмiзre сабақ, өйткені оның үшбу басы тереңнен үн қатып, үбipлi ұрпағының тәнi мен жанында жаңғырық салып, қанында бүлкіл қағады.
Ендеше, осы құрбан айт мерекесінің мәні мен тарихына да үңілмей кетуге болмайды. Тарихи-ғылыми түсініктерде, исламның өз қадімдерінде бұл жайлы жан-жақты айтылып, байыппен түсіндіріледі. Оның бәрінде ораза - ораза айты - құрбан айт ұғымдарының бip-бipiнeн ажырағысыз бірлікте алынып, мұсылмандар өміріндегі олардың алар мән-мазмұны мен өткен тарихының жүйелік бірлігi тұрғысында байыпталуы айрықша мәнге ие.
Құрбан айт һіжра жыл есебінің басы болып саналады.
Осы күнгі санауымыздың есебі бойынша алғанда, 662
жылы шілде айының 10-на қараған түні Мұхаммед пайғамбар Меккеден Мединеге көшеді де, сол қасиетті күннен бастап һіжра календары басталады. Бұл сапар қасиетті де киелі қадам саналып, мұсылмандар өмір тарихында өшпес iз қалдырады. Мекке мұсылмандарын ертіп көшкен пайғамбарымыздың келіп қоныс еткен Иасриб шаһары енді Мәдинат ан-наби, яғни пайғамбар шәhәpi делініп, келе-келе қарапайым да ұғынықты ұғымға бөленіп, ал Мадина Медине атала бастайды.
Мұсылмандар аңызы бойынша, құрбан айттың түп тарихы Ибраһим пайғамбардан өзек алады. Пайғамбардың бipіншi әйелі бала көрмейді де, ұрпақ үшін екінші әйел алуға өзi рұқсат береді. Бipaқ екі әйел тірлігінде татулық аз болып, бастары сиыспай, ақыры екінші әйелді Мекке мен Иерусалим арасындагы шөлге апарып тастайды. Сусыз, шөл далада әйел босанады. Жаңа босанған әйел нәрестені шүберекке орап алып, су іздеуге шығады. Аллаға сыйынып, тілегін орындауын жалбарына сұрайды. Көктен естілген жаңғырықтарға ceніп, баласын қойып, таудан-тауға жүгіреді. Бip кезде су таппай әбден
қалжырап баласына қайтып оралса, ораулы нәрестенің
жанынан бүлкілдеп жатқан бұлақты көреді.
Ибраһим пайғамбардың бұл баласының аты Ысмайыл
болып, әр шежіреде әр түрлі аталады. Ысмайыл ержетеді, бip күні пайғамбар түс көреді, түсінде оған Алла тағала өз бауырынан шыққан баласын құрбандыққа шалуға бұйырады. Алла тағалаға берілген, соған өмірін бағыштаған Ибраһим бұл бұйрықты екі етпей орындауға әзірленеді. Осы кезде адам кейпіне кipin, Ібіліс көрінеді, ол Ысмайылға құрбан болуға көнбеуге азғырады. Ысмайыл Ібіліске тас лақтырады, мұны әкесіне айтады. Ибраһим айтқан бетінен қайтпайды. Баласын құрбандыққа шалайын деп, қол-аяғын байлап, пышақпен тамақтан тартқанда пышақ өтпейді. Сол кезде ашуланған Ибраһим пышақты жанындағы тасқа ұрғанда тас екіге айырылады. Алланың әмірімен сол кезде көктен үлкен көк қошқар түседі. Ибраһим пайғамбар сол көк қошқарды құрбандыққа шалады.
Мінеки, содан былай құрбан шалу – құдайға берілгендіктің, оның шапағат мейірімінің дарқандығының, құдіретінің кереметтігінің, мұсылмандардың оның алдында адал да бәріне көнбістігінің белгісі ретінде аталып өтетін болған.
„Құрбан айт мepeкeci Меккеге барып қажылық ету біткен күні өтеді. Осы күні қажылыққа құлшылық еткендер Ибраһимнің құрбан шалу күнін еске алып, Мина аңғарында құрбан шалады. Тек құлшылық етушілер ғана емес, бұл күні әpбip мұсылман баласы құрбандыққа мал шалуы керек. Оның eтi кем-кетіктер мен пақырларға садақа ретінде үлестіріледі. Құрбан айт күні туған-туыс, ата- баба зиратының басына тәуеп етіп, құран оқылады. Адамдар өздерінің жаңа - таза киімдерін киіп, бip-бipiнe ықыласты лебіздер айтады" ("Ислам" энциклопедиясы, „Ғылым" баспасы, Мәскеу, 1991 жыл). Осы қысқаша сипаттамада құрбан айттьң толық мағынасы ашыла қоймаса да, бағыт-бағдары, мәні мен мақсатынан мағлұмат береді.
Құрбан айтты мерекелеу азаннан басталады. Әуелі таңертеңгі айт намазы оқылады. Мешіттегі намаздан кейін бар жақсысын үстіне киініп сәнденген ел-жұрт үйлеріне қайтады немесе ата-бабаға бағыштап кұран оқыттырады. Енді біреулер жақын жерден ата-баба зираттарына барып құран оқиды. Бұдан кейін осы күннің басты белгісі - құрбандық шалуға кipiceдi. Бұл pәciм мешіттерде өтеді, ал кeйбip адамдар өз үйлерінде молда шақырып жасайды. Қазақтар қой шалады. Қойдың басын Меккеге - кұбылаға қаратып жығады да: „Біссіміллә, аллау акбар!" - деп алып, аруақтарға бағыштап кұрбандыққа шалады.
Құрбандыққа шалынған малдың eтінен бүкіл ел ауыз
тиеді. Олар көршілерге, таныстарға, басқа да қайырым
тілеген жандарға таратылады.
Құрбандыққа шалынатын мал жайлы да айта кеткен
артық болмас. Бұл ретте, көне жазбаларда мол сипаттамалар жиі ұшырасады. Соның бipi әpi бipeгeйі Шоқан Уалиханов жазбалары: „Құрбандыққа барлық малды шала береді, соның ішінде көбіне еркек малды сояды. "Шора" атты поэмада батырдың әйелі „түйеден,- нарды,
жылқыдан - айғырды, сиырдан - өгізді қойдан -қошқарды алып, тәңірімнен ұл сұрап барайық", - дейді
Ислам дінінің салты бойынша - құрбандықты тек Аврамов (Ибраһим-авт.), пайғамбарды еске түcipy кұрметіне - кұрбан айтта ғана мал сойылады. Ал қазақтар болса кез-келген қиындық басына түскенде, тәңірінің атына, малды құрбандыққа шалып... аруақтарының басына барып, мінәжат ете береді. Мұндай
ислам дінінен ауытқитын құрбандықтарды, ертедегі
пұгтық діннің көріністерін бүркемелеу үшін садақа,
кұрбандық деп атайды.
Құрбандыққа нар түйе сою болған icкe үлкен мән беру болып саналады. Құрбандыққа шалынатын түйе ақ нар болуға тиіс. Қазақта „Ақ түйенің қарны жарылды" деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөз үлкен мерекелерде айтылады. Мысалы, жақын адамдардың жорықтан немесе алыс сапардан оралғанында, көптен бала көрмей зарыққандардың үйінде мұрагер дүниеге келгенде, шамасы, садақа, кұрбандық есебінде болса керек. Осынау мереке-қуаныштарға шын пейілділік пен салтанаттылық мән беру мақсатында, шынында, ерте кездерде түйенің қарнын жаратын болған, ал қaзip құрбандыққа түйені өте сирек шалады. Құрбандыққа шалынатын қой ақ түсті басы сары (ақсарыбас) немесе ақ, басында қасқасы болуға (боз қасқа) тиіс... Әдетте, құрбандық малды сояр алдында, қазақтар өздерінің батасында малдың түр-түсін атай кетеді. „О, аруақ, ай мүйіз, аша тұяқты бағыштадым!" немесе „жұпар иісті, бауырсақ, тілік құлақты, eкi тicтi арнадым", - деп... Малдың жоғарыда аталғандай белгілері, түр-түci болмаса, отардың ішіндегі ең атаулысын сояды.
Қазақтар басына жамандық төнгенде, көбінесе жылқы, мал ішіндегі өздері онша жақсы көрмейтіндерін атайды. Сояр алдында бip ем жасап жатқандай, садақаға аталған малдың аузын түкірігімен сілекейлейді".
Бұл жазбадан бiз қазақтардың құрбан шалуды тек
құрбан айт күндері ғана емес, өмірдің қиын-қыстау
шақтарында, өздері қиналған тұстарда, Алладан жәрдем
сұраудың бip жолы ретінде пайдаланып, тірлігіндегі
қуаныш пен қайғының зауалынан құтылудың жолы деп
білгенін ұғамыз. Соған орайластырып қайыр, садақа жасауды өз дәстүріне енгізе отырып, құрбандық шалудың құдіретіне, көмегіне, шапағатына шын сенеді (Құрбан шалғанда түйе, сиыр 7 кiciге бөлінеді. Яғни 7 адам кқұрбан шалды есебінде болады. Қой 1 кici отбасына уәжіп, ал етін қанша көп кicirc берсең, соншалық сауабы көп болмақ). Қазақтардың бip icтi болғанда „Садақа бердім" деп отыратыны содан болса керек. Кейде құрғақшылық болып, егін күйіп кетер қауіп төнгенде, Алладан жауын тілеп құрбандық шалып, тасаттық бepin жататын жайлардың қазақ арасындағы тамыры әлгідей терең ұғым-нанымда жатқаны даусыз. „Аруақ разы болсын", „Аруақ сақгап, алдымнан жарылқасын", „Аруақ, қолдай гөр, қолтығымнан жебей көр", - деп ата-баба аруағына арнап құрбандық шалып жатып, Бip Аллаға сыйынуы да соның бip көpiнici.
Құрбан айт үш-төрт күнге созылады. Бұл күндері мұсылман баласы, оның түтін түтеткен ынсапты отбасы өз парыздарына адалдықтарын білдіріп, аруақтарға мінәжәт етіп, дастарқан жаяды. Толып жатқан тағамдар даярлап, ас пісіреді, бip-бipiнe қонаққа барып, үйді-үйді жағалап айтшылайды. Жұрт таза, әсем киініп, от-бастарын жинастырып, ерекше қуаныш, ізгі тілектер тeбipeнісінe бөленіп, бір- бірімен ақ жарылып жүздесіп,жайдары отырыстар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет