ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ № 4
ТАҚЫРЫБЫ : «М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары» (Эссе)
Орындаған: ТОП 20-14 студенті Нурдаулет Ө
Тексерген: Бижанова М.А
Алматы, 2021
"Болмыс (немісше Sein, ағылшынша Being)- болушының (Beings) болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі. Қай заманда болмасын болмысы ұғымын ұғыну үшін сол замандардың философтары түрлі ойларға келіп түсінуге тырысты. Бірақ әркім әрқалай түсініп, өзінше ой пікір қалыптастырды және әлі күнге дейін философтар болмыс ұғымын зерттеуге, барынша танып білу үшін барынша ұмтылыс жасап ашып мәнін түсіндіруге тырысып жатыр.Бұрынғы заманда болмыс ұғымын барынша танып білуге күш жұмсаған ғалымдардың бірі Мартин Хайдеггер. Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған. Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі." Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады. Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логияка, теория, нақты онтологияның қолданылым, толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді. Демек, бұл болмысты танудың әдіснамас герменевтикалық қайталаным шеңберінен ажырай алмайтынымызды көрсетеді. Яғни, болмысты тану қайталану барысында алға жылжитын әрекет болып, ол методологиялық мағынада феноменологиялық түсіндіруді қайта түсіндіруі тиіс. Хайдеггер бойынша, болмысты танитын болмыс тек адам - Осыболмыс болып, адам болмысы өзі болмыс ретінде болмысты тануға қабілетті, онтологиялық қабатта өмір сүре алатын болмыс болғандықтан, болмысты тану адам болмысын - Осыболмысты тануға бағытталу арқылы орындалуға тиіс.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.
Қорыта айтқанда, ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://kk.wikipedia.org/ сайты
Lackey, Douglas. 1999. "What Are the Modern Classics? The Baruch Poll of Great Philosophy in the Twentieth Century". Philosophical Forum. 30 (4): 329-46
Martin Heidegger, Being and Time, pp. 25–26.
Достарыңызбен бөлісу: |