Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі



бет39/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012

Бақылау сұрақтары:
1.Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары жөніндегі ой- піікрлеріңіз қандай?
2. Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.


14-лекция. Тақырыбы: Шетел ғалымдарының қазақ этнопедагогикасы туралы ой-пікірлері.


Жоспары:
1. Мәдени, тәліми, рухани мәселелер.
2. Қазақтар жөнінде жазылған монографиялық еңбек.
Лекция мақсаты: Қазақ мәдениеті жөніндегі орыс, батыс ғалымдарының ой –
пікірлері жөніндегі түсініктерін қалыптастыру
Лекция мәтіні(қысқаша):
Сталиндік зұлмат пен тоқырау жылдарында ұлт саясатының бұрмалануы қазақ тарихын баяндауға да кері әсерін тигізіп келгені анық.Соңғы 60-70 жыл бойы “келешектің нұрлы сарайы- коммунизмді орнатамыз, бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады” деген коммунистік қағиданы басшылыққа алған тарихшы, педагог ғалымдарымыз кең-байтақ дала халқының елдік тарихын бұрмалап, “қазақ халқы ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі, мешеу дәуірді бастан кешірген, олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ проценті сауатты болған, осынау көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунист партиясы ғана құлдықтан құтқарды”-деп, тек жалаң жамандаумен болды.
Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның ұлт саясатында үздіксіз марапатталып келген ұлы орысшылдық пен тоталитаризм идеясынан адам психологиясында әбден қалыптасқан, бірінші сортты “ұлы халық”, екінші сортты “кіші халық” деген жаңсақ пікірдің түп тамыры бұдан 270 жыл бұрын қазақ даласына орнай бастаған орыс патшасының отаршылдық саясатының әсерінде жатқанын айқын аңғаруға болады.
Олар қазақтарды “үйренері жоқ, тағы халық”- деп үнемі кемсітіп, қорлап келді. Мәселен , патша үкіметі қолдаған осындай жексұрын саясаттың мәнін бұлтартпай әшкерелейтін бізге жеткен түпнұсқа құжаттардың бірінде жоғары мәртебелі бір шенеуніктің орыс патшасына жазған хатында былай делінген: “Мен қырғыздарға, жағдай туғызып, көзін ашып, оларды Еуропа халықтары көтерілген деңгейге жеткізу қажет дейтін кейбір филантроптардың ниетінен аулақпын. Менің барынша тілейтінім- қырғыздардың, мәңгі- бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуы, олардың ешуақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерді де білмеіун шын ниетіммен тілеймін ...”,- дейді.
Н.Ильминский ұсынған оқу құралында оқудың білімдік мәнінен гөрі, діни насихат жағы басым болды. Ильминский өзінің миссионерлік пиғылын жақтас-шәкірттері арқылы жасырын насихаттап отырды. Оған бір мысал Ильминскийдің бұрынғы шәкірті, Орскідегі мұғалімдер курсының директоры А.Г.Бессеновтың үстінен Ы.Алтынсариннің 1889ж. 20 ақпанда Орынбор шекара комиссиясының председателі профессор В.В.Катаринскийге жазған шағым хатында былай делінген:
“Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-ші және 4-ші кластарында оқушылардың қарсылығына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, бір жағынан ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан оқушылар оқудан бас тартыпты. Тіпті ол шәкірттерін залым деу сияқты сөздермен сөгіп, оларды кластан желкелеп шығуға дейін барыпты. Мұндай іспен орыс-қазақ мектептерінің келешегін мүлде бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой.
А.Г.Бессоновты масқара жанжал көтеріліп кетпей тұрып басқа жерге аударуды, орнына басқа біреуді тағайындаудың жәйін қарастыруыңызды өтінемін”.
ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласы саяси сенімсіз адамдардың жер ауып келген екінші отанына айналды.А.Герцен,Б.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов сияқты орыстың революционер-демократтарының ықпалында болған Т.Г.Шевченко, Ф.М.Достоевский, В.Н.Майков, С.Ф.Дуров, Е.П.Михаелис, т.б. орыс, украин халқының демократ ұлдары қазақ даласында айдауда болып, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтардың ағартушылық демократиялық көзқарастарынң қалыптасуына игі әсер етті. Орыстың алдыңғы қатарлы демократ-ағартушы зиялы қауымы қазақ мәдениетіне шынайы достық көзқараста болды. Мәселен, орыстың М.Вяткин сияқты атақты тарихшылары қазақтар туралы осындай үстірт пікірдің шындыққа сай келмейтін айта келіп, “Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді”.
Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Морко Поло (1245-1324) болды. Ол өзінің “0 разнообразии мира” деген кітабындадүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақтыат мініп, жол азық алмай ет асыпжейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретінін, атына жіне өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгілер арқылы тауып алып, ұрланған адамға жеті қамшыдан үш жүз қамшыға дейін дүре соғу айыбын кесетінін сөз етеді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік- 'экономикалық жағдайдың негізінде дамып ,жаңарып , жетіліп отырған . Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау , таяқ жүгірту ,садақ ату , қақпатас , қара тас ойындары пайда болса, келесі дәуірде қайталау – жаттығу нәтижесінде0 бұл ойындар аң аулау , бүркіт салу , құс салу , садақ тарту , жамбы ату , карачие- найза лақтыру , қақпан – тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп , мазмұны байый түскен .
Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұхсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай, Орынбор ,Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А . Гумбольд қазақ жерінде жүріп , көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін , Канкрин мен Шеллерге жазған хатында: « Мен қазақ ауылында болған кезімді аса құрметті кезең деп есептеймін . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едім . Бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек » дейді .
Француздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» деген еңбегінде ұлына жазған хатында «Қымбатты ұлым , сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті . Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе , алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын- сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракөлден тігілген тон кигізді» дейді.
Ал ұлты француз, өзі Ресей Ғылым академиясының мүшесі П.С.Палластың «Ресей империясының түрлі аймақтарына саяхат» атты кітабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның ішінде бақсы балгерлерді әр жікке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидің «Орта Азия очерктері», «Орта Азияға Саяхат» деген еңбектерінде Бұқар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғалады.
«Ел кезген сапарларымда,- деп жазады А. Вамбери ,-олардың тұрақ –мекендерін кездестірдім, халқының сан мөлшері туралы сауалыма үнемі «әуелі даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана »-деп күле жауап береді.
Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал-Каспий көлбеуін мекендеуші халықтар” атты еңбегінде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, ол: “... бүкіл Ресейдің көлеміндей жерді , Еділ жағалауынан Алатауға дейін, Амударияның ағымынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан екі миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын.-СҚ) Қазақ ұлты Азияның көшпелі нәсілінің ішіндегі ең өсіп өнген ел, бірақ бөлшектенуі де шексіз: қазақтар өздерін қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңіз құмына теңейді. Белгілі шығыстанушы ғалым Г.клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегі “Азия журналы” бетінде француз тілінде жарық көрген “Қазақ тілі жайлы” деген мақаласында қазақтарды манғол тегіне жатқызуға байланысты жаңсақ пікірге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе , Р. Карутстың “Маңғышлақ түрікмендері мен қазақтардың арасында” атты кітабы сол кездегі қазақ тұрмысын біршама байыпты қарастырылған.
Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзінің “қазақтар ” атты очеркінде (М.,1901ж) қазақтың қыз қуу, ат жарыс , жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келіп, “тап қазақтардай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбыл...” деп, олардың өнерді қастерлеуін кең сахарада көшіп-қонып еркін жүрумен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет