Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі



бет70/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012

Бақылау сұрақтары:
1.Имандылықтың мәні салауаттық.
2.Пайғамбардың хадистерінің тәрбиелік мәні
3.Пайғамдардың өмірінің тәрбиелік мәні,.


26-лекция. Тақырыбы: Жауынгерлік –патриоттық тәрбиесі.


Жоспары:

  1. 1.Ерлік- тәрбие жемісі.

  2. 2.Перзенттік парызды өтеу дәстүрі.

  3. 3.Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті

тәрбиелеу.

  1. 4.Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.

Лекция мақсаты: Өз отанына, халықтарға, өз туып өскен жеріне, туысқандарына сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу
Лекция мәтіні(қысқаша):
“Ер ел үшін туады”деп халқымыз ер бала туғанда “батыр”, “сарбаз”, “мұрагер”деген сүйінші сөздерін айтып, қуанады. Баланы “тепсе темір үзетін
батырлыққа,ерлікке, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болуға тәрбиелейді. Бақытты балдырған ата-анасының үмітін ақтау үшін, олардың ұлағатты сөздері мен өнерлерін орындауға бейімделеді.
Балалар ес біле бастағаннан ел-жұрты, ата-анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық тағылымдарынан тәлім алуға баулиды. Ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлар жырларындағы өнегелермен қатар, өмірде болған ұлы адамдардың өмірін үлгі етеді. Мысалы: ұлы ғалым Шоқан 3 жасында хат таныған ; ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында “мәшһүр”(білгіш) атанған; Абай атамыз жасында билікке араласқан атақты әулие батыр атамыз Райымбек 15 жасында керемет ерлік жасаған; қазақ халқының бірлігін сақтап, елдің ел болуына басшылық жасаған бабаларымыз : Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, 14-15 жасынан бастап халыққа әділ билік жасап, өздерінің шешендіктерін, данышпандықтарын танытқан. Ер баланың тәлім-тәрбиесі үшін халық тарихи қалыптасқан дәстүрлердің орындалуын қадағалайды. Ол үшін ең әуелі халық баланың намыс сезіңмін “ер намысын”қалыптастырады.
Ер намысы-тәлім -тәрбие арқылы қалыптасқан әулеттік, ұлттық, дәстүр, халықтық салт-сананың бір негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Елін қорғау ерінбей еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үүрену, күшті, жігерлі болу айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу,жасық болмау, оқу оқып, білімді игеру т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру-ер азаматтың намысын ақтап, абыройлы болуы. Халықтың өкімдік дәстүрін пір тұтқан ер азамат “Жаным-арымның садағасы” деп, арын биік ұстайды. Өз н.амысын, ел намысын қорғайды.
“Отан отбасынан басталады” – деп, халқымыз айтқандай, Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, ауылы, ауданы, облысы аймағы, өлкесі, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. Әрбір тіршілік иесіне өмірден қымбат не бар?! Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу, онда тұратын ақкөңіл адамдарды, еңбекшіл елді, қаһарман халықты қадірлеу, оны сүю дәстүрге айналған.
“Отан – оттан ыстық”, “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” – деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: “Отаның үшін отқа түс – күймейсің”, -- дейді. Отанның – егеменді елдің иесі – адал жүректі адамдар: ата – ана, аға – іні, апа – қарындас, бауырластар мен ағайындар, достар мен жолдастар, көршілер мен жерлестер, айналадағы асыл адамдар. Халық дәстүрінде, міне, осыларды сүюге жас баланы жалындата тәрбиелеу борыш саналады. Халықтың: “Ең әуелі өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деген мақалы сыйласым рәсімі халықтық дәстүрге айналғандығын көрсетеді. Әрбір әдепті адам өз Отанымен қатар, бүкіл адам баласын да сыйлауға тиіс. Халқымыз “Өз елің – алтин бесік”, “Басқа елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол” деп, ұрпақтарын өз елін қастерлеп, қадірлеуге үйретеді. “Егер Отаныңды сүйсең, оны жаудан қорғай біл ”, “Туған жердің топырағының иісі жұпар”, “Ит тойған жерінде, ер туған жерінде”, “Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер”, “Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің” деп, елді сүю ерді ерлікке ейімдейтінін дәлелдейді.
Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастарқандай балада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбәр адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
“Жаным – арымның садағасы” дейтін әрбір азамат киелі ұлттық намыс сезімінен туған жердің әрбір гүлін аялап, тамаша табиғатын қорғауға міндетті. “Отанын сүймеген – опасыз” дейді халық. “Опасызда Отан жоқ, онда оған орын жоқ” деп, халық өз елін, Отанын сүймеген нақұрыстарды аяусыз жазалайды.
Отан – ана! Ана тілі білмеген, ана тілді сүймеген “ақылы жоқ желікбастарды” халық “мәңгіген мәңгүрт” деп, жек көреді. Ана тілді сүймеген адам халқын да сүймейді. Қазақ мемлекеті – біздің сүйікті Отанымыз. Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мелекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз! Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, әуезді де тез дамығыш тіл. Халықтың тілашар дәстүрі ұрпақты ана тілі қастерлуге, ұлттық тіл арқылы елді құрметтеуге үйретеді.
“Халқын сүйген – салтын сүйеді”. Отанды сүю үшін, оның салтын, заңын сүюді ұрпағына тағылым етеді халқымыз.
Ел белгілері мен рәсімдерін қастерлеу дәстүрі және тәрбие.
Әрбір отбасының, әулетінің, рудың, ұлттың дәстүлік, салт – саналық белгілері -- әдепті сыйласам мен ар – намыстық, парыздық, борыштық іс - әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: ен, таңба, Елтаңба, Елұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.
Ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Әрбір отбасының жеке иелігіндегі малына салынатын өз ені болады. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Ен - таңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал - мүліктерді қадірлеп, қорғай білу үшін жасалынған салттық көріністер еді.
Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Елұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиеті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындауын көздейді.
Қазақстанның Елтаңбасының жарқын күн сәулесі, ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк – кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Кең пейілді еліміздің аспаны ашық, тыныштық сәулеті биік. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ Қазақ халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн – ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қазақта “қара шаңырақ” деген қасиетті сөз бар. Ұрпақтары өсіп, өркендеген алкен үйдің шаңырағын халық “қара шаңырақ” дейді. Сол “қара шаңырақтың” Елтаңбасындағы көрінісі шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп тұр. Ондағы қанатты тұлпардың баламалық мәні халықтың аңыз – ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден азат еткен. Сол азаттық тұлпарының бейнесі – еліміздің азаттығының, ерлеріміздің жеңімпаздығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жақыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу – бақыт!
Көк байрақ – Туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден – ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде “уа, аруақ, қолда!” деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесінің мәні зор: Туымыздың көк теңбіл – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күні – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұғып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Кең пейілді, кеңісі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақиық қырандай түлегі болу – бақыт! Көк байрақ – туымыз көкке көтерілгенде әрбір әдепті адамның Туға қарап, жеңімпаздық сезамі деп., ұлттық мақтанышы құлшындырып, қарқынды қажырының толқынды толғанысы пайда болады. Арайлы Ту көтерілгенде, ата – бабаларымыздың аруағы аялап, шалқыған шаттығымыз ет – жүрегімізді елжіретеді. “Менің мынау қасиетті Отаным – жнаымнан да қымбат!” деп, орайлы ой биігіне көтерілеміз. Төбеміз көкке жеткендей болады. Туымызды ұлы жиындарда, шеру – салтанаттарда алып шығып, көкке көтереміз! Көк байрақ – Туымыз еліміздің ең биік тұғырларындав көкке көтеріліп, желбіреп тұр. Біз Ту қасынан бас иіп өтеміз, серт айтып, қаһармандық іске кірісерде, халқымызға ант беріп, Туымызды сүйіп, оған табынамыз. Туымызды қорғау, Ту астында құрметтеліп, суретке түсу, Ту көтеруші болу қандай бақыт! Өйткені Туымыз – біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар – ожданы! Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу: оның ерлерініңғ азаттығын, ерлігін құрметтеу! Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі – ел Туын елжірей сүйіп, құдірет тұтып, құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!
Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра батырлық жырлар. Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып көріктілігімен көкейге қонады; ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақтап өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды,Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті, ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті, келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалппы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
“Сөз сүйектен өтеді” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдің өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды. “Қара қылды қақ жаратын” әділдік,арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарын ойлы даналық,қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.
Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамның жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтың ойлары қарсы қойылып отырды . Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті,жаманнан жирентті.
Батарлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, шығармадағы ой мақсатты жылы сезініп ой-өрісін дамытады, шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдаушыны неғұрлым көп білуге құштарландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет