Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Мұхаммед-Әменнің әділетсіздікті сынауы



бет21/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Мұхаммед-Әменнің әділетсіздікті сынауы

Ә. Пазылов


«Мәшһүр-Жүсіп» мұражайының ғылыми қызметкері

XX ғасырдың басында қазақстанда мәдени – ағартушылық идеялардың өркен жайып, зиялы қауымның қалыптаса бастаған кезі болатын. Осы тұста қазақтың санасын оятатын туындылар да дүнйеге келді. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр-Жүсіп, Әлихан Бөкейхановтың қыл қаламынан шыққан мұралар халық мүдесімен үндесіп жатты.


Алдыңғы буын ағаларға ілесе шығып, құлагердей алға ұмтылған зиялы қауым өкілдерінің бірі Мұхаммед Әмен болатын. Ол жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Оның шығармалары жас толқынға ұран болды. Мұхаммед Әменнің тез өсіп жетілуіне қоршаған орта мен мәшһүр-Жүсіптің арнасы себепкер болды. Демек әке мен бала ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, саналы ғұмыр кешті. Әменнің қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби тақырыптағы шығармалары өз алдына бір төбе де оның ғұмырнамасы жеке зерттеу арнасы болмақ. Оның қай өлеңін алмасаңыз да гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды баршылық.
Әмен өзі өмір сүрген ортаның қиындығы мен саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан, қажымай мол мұра жаза білді. Бейне бір өмірдің қиындығы ақынды шабыттандыра түскендей. Әмен ел арасында қанат жайған теңсіздік пен қараңғылықты қатаң сынға ала отырып, ауыздықтаудың жолдарын іздеп, білім алуға шақырады. “Талапты оқыған жастарға, Тағдыр түзу, тыю жоқ”,-деп ақын /1, 44-бет/ білімнің қажеттілігін уағыздап, қазақ халқына ой салады.
Әменнің жалынды өлеңдері "Ақ-жол" газетінде жиі басылып тұрды. Қоғамда орын алған құбылыстар ақынды жігерлендіре түсті. Әсіресе жерден, тілден айырылу қауіпі тұрғанда, елдікті сақтау ақынның басты ұраны болғаны анық. Срндықтан да газетті – жастар тәрбиесінің басты құралы ретінде түсінген ақын:
Сен, "Ақ-жол", мына халыққа,
Жолаушы боп барасың.
Бәрі кұтты қалпыңа
Ояу көзбен қарасың!
Көр, арала, сен-қария,
Қазақ та, қырғыз даласын.
Еділ, Жайық, Сырдария
Ойлы-қырлы саласын.
Сыйпай, түрте жүрерсің,
Алтай тауы арасын.
Аңдап барып көрерсің
Есіл, Ертіс жағасын.
Айтып-айтып берерсің-
Ел болудың шарасын!
Ептеп-емдеп жүрерсің
Түрлі асқынған жарасын!
Біріктіріп басын қос,
Алты Алаштың баласын!
Төңкеріске көбейт дос
Үріп жандыр шаласын!
"Туды, міне, ерік",—деп,
"Таптық нағыз серік"—деп,
"Кел, кедейлер, бірік!"—деп
Шақыр қазақ даласын! /2/,-деп, білім жолында бас қосуды тәуелсіздікке жетудің басты қаруы деп түсінгендіктен, ұлттық сананы шыңдау жолында күресті.
Мезгілсіз түскен қысым жанға батты:
Халқына ұраны – Алаш, Қазақ атты /3/, - деп, Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттepді жырға қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет