Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тәрбие принциптері туралы түсінік



бет104/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
11.3.Тәрбие принциптері туралы түсінік

«Принцип» ұғымы латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіреді. Ол белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.



Тәрбие қағидалары (принциптері) деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Кейбір педагогиакалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.

Тәрбие қағидалары (принциптері) – адамды дамыту, қалыптастыруды жеделдету, оқу тәрбие процесін ізгілендіру, жеке адамның жан – жақты даму заңдылықтарына негізделген.

11.4.Тәрбие принциптері

Тәрбие қағидалары (принциптері) тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие қағидаларының төмендегідей жүйесі қалыптасқан:

Тәрбиенің мақсаттылығы. Тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен тәрбие олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып анықтаған жөн Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бере алмайды. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын белгілі бір осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс– әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді .

Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы.

Өмір мектебі – ең қуатты тәрбие мектебі. Ұлы физиолог И.П.Павлов адам организмінің өмір әрекеті қоршаған ортаның ықпалымен, адам өмір сүруінің жағдайларымен байланысты екенін көрсетті. Осы әсерді ол «өмірлік тәрбие» деп атады. Осындай тәрбиеден «өмір мектебінен» тек ересектер ғана емес, жас ұрпақта өтеді. Сондықтан тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық тәжірибемен байланысты болу принципі оқушыларды қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуды, өз елінің, туған өлкесінің өткенімен бүгінгісін білуде, адамзат мәдениетінің ізгі бастаулар мен жалпы адамзаттың ізгілік қасиеттерді түсінуді, меңгеруді талап етеді. Бұл принциптің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді.

Еңбек арқылы тәрбиелеу қағидасының мақсаты – баланы еңбек ете білуге, оны қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым – қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Жеке адамның бүкіл ең тамаша қасиеттері жасампаз, шығармашылық еңбек процесінде қалыптасады. Еңбек – тәрбиенің күшті құралдарының бірі. Ол адамның жеке басының қасиетін танытудың, адамның қабілеті мен икемділіктерін, ынта – ықыласын ұштай түсудің белгісі, әрі шарты болып табылады. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мәні – адамды тек материалдық және рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, сондай – ақ, оны азамат ретінде көрінетін жеке тұлға етіп қалыптастыруда. Еңбек адамның жан – жақты жетілуінің негізі.

Шығармашылық бай мұрасымен хақымызға танымал ақын – ағартушы Шәкәрім Құдайбердиев «Бостандық атты» өлеңінде:

Адамның бәрі бір, болмайды аласы.

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

Бірігер еңбекте барша адам баласы.

Адалдық жері жоқ ақырда жеңбейтін.

Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін – дей отыра,

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал дос – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сақтайды, – деп ұстаздық жүрек үнімен адам өмірінің мың алуан құбылыстарында еңбектің адамгершілік сипатын өлең жолдарымен өрнектейді.

Жеке тұлғаға талап қоюшылық мен құрметтей білудің бірлігі. Бұл қағиданың көздейтін мақсаты:

– Оқушыларға қоғамдық мінез – нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгертеді;

– Оқушыға қатынасты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;

– Мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық

буындарының талап бірлігін үйлестіруі т.б;

– Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен

ынтымақтастық педагогикасының негізін қалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет