Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күштері



бет101/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
11.1. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күштері

Тәрбие процесі өзінің құрылысына бағыт – бағдарына қарай диалектика заңына негізделген. Сондықтан да педагогика ғылымын диалектикалық ғылым деп санаймыз. Өйткені, тәрбие процесінде әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық факторлар бір – бірімен ұштасып бірлікте болатындығын ғалымдар дәлелдеуде.

Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күші Н.И.Болдырев, М.А.Данилов, Ф.Ф.Королев, Г.С. Костюк, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев т.б. еңбектерінде дәлелденген.

Тәрбие процесінің диалектикалық мәні, оның даму үстінде болып, белгілі сатымен диалектикалық икемдікте өзгеріп отырады. Себебі, тәрбие процесі әлеуметтік талапқа негізделіп дами отыра оқушылардың жас және өмір тәжірибелеріне орай өзгеріске түсіп, кейбір оқушылардың өмір жағдайларын ескеріп басқаша да құрылады. Мысалы, бір оқушыға жасалынған педагогикалық әдіс, тәсіл немесе амал бір жағдайда нәтижесін берсе, екінші жағдайда ешқандай пайда бермейді.

Тәрбие процесінің диалектикалық мәні, оның қарама – қайшылықта болып тұратындығында. Өйткені, жеке адамның дамуы шиеленіссіз, қайшылықсыз өтпейді. Тәрбие жұмыстарында тәрбие мен қайта тәрбиелеу функцияларының болуы да, бұл процестің біркелкі жүргізілмейтіндігін дәлелдейді .

Тәрбие процесінің қарама – қайшылықты заңдылықтарының ішкі және сыртқы қарама – қайшылықтарын бөліп алғанымыз жөн. Себебі , ішкі қарама – қайшылық оқушының жеке тұлғасы дамуының қозғаушы күші болса, сыртқы қарама – қайшылық тәрбие процесінің қиындық туғызатын құбылысы ретінде, оның ұтымды ұйымдастырылуына жағдай туғызады. Ал кей жағдайларда, тәрбие жұмыстарында сыртқы қарама– қайшылық тәрбие процесіне кедергі келтіріп, нәтижесін төмендетуі мүмкін.

Сөйтіп, жеке тұлғаның даму, қалыптасу кезеңдерінде алждарына қойылатын қоғамдық мәні бар мақсат – міндеттерді, талап – тілектерді іс – жүзіне асырудағы әрекеттері мен оқушының бойындағы бейім қабілеттері аралықтарында ішкі қарама – қайшылық туып, бұл құбылыстың баланың дамуына негіз болатын ең басты қозғаушы күш болып саналады.

Бүкіл тәрбие процесі ұйымдастырылып жүргізілуінің әрбір кезеңдерінде ішкі қарама – қайшылықтарға кездесіп отырады. Бірақ тәрбиенің әрбір сатысында оқушының жинақталған оқу іс – әрекеттері мен мінез – құлық тәжірибелері байыған сайын және дамып отыруына байланысты, айтылып отырылған ішкі қарама – қайшылықтар жойылады.

Негізінде, тұлғаның дамуы тоқталып қалмайтыны сияқты оқушының алдына жаңа міндеттерді шешуді талап ететін қиын сұрақтар туындап , жаңа дәлелді ішкі қарама – қайшылықтар қайтадан туады.

Сонымен тәрбие процесінің ішкі қарама – қайшылығының мәні – оқушыға жасалынатын сыртқы әсерлер, педагогикалық ықпалдар мен баланың ішкі позициясы, яғни жандүниесі мен қызығушылығы аралықтарында туындайды.

Әрине, әркезде сыртқы әсерлер, ықпалдар баланың ішкі мүмкіншіліктерімен жұптаса бермейді. Сонда да болса, әлеуметтік маңызы зор адамгершілікті қадір – қасиеттер жеке тұлғаның ішкі талап – тілектерімен біте қайнасып, тәрбие жұмысының болашақ бағыт – бағдары соған бағдарлануы тиіс.

Ал, сыртқы қарама – қайшылықтар тәрбие процесінің кедергісіз, тиянақты, жүйелі өтуіне кедергі болып, қиындықтар туғызады. Ол қандай қарама – қайшылықтар:

– мектеп, қоғамдық тәрбие мен жекеленген отбасы тәрбиелері аралықтарында көзге түсіп, мектеп талабына тікелей немесе жанама түрінде отбасы қарсылық білдіреді;

– мектеп тарапынан ұйымдастырылған жоспарлы тәрбие ықпалдары мен баланың қоршаған кездейсоқ орта әсерлері мен ықпалдары аралықтарынан байқалынады;

– педагогикалық ұжым мүшелері оқушыларға біркелкі талаптар қоймай, олардың іс – әрекеттері мен мінез – құлықтарында жағымсыз қылықтардың орын алуына жағдай жасауынан мұғалімдер мен оқушылар арасында дау – жанжал, келіспеушіліктер болып тұрады.

Әрине, жоғарыда көрсетілгендей тәрбие процесіндегі сыртқы қарама – қайшылықтарға назар аударып, оқушыларға жан – жақты мақсатты педагогикалық ықпалдар жасағанда мұғалімдер мен ата – аналар ауызбіршілікте болуы қажет. Сонымен бірге, оқу – тәрбие процесінің мазмұны өте бай, бүгінгі күнгі өмір талабына сай, романтикалық принципте ұйымдастырылып оқушының ішкі жан дүниесіне, іс – әрекеттері мен қызметіне бағыт – бағдарларына негізделінуі тиіс.

«Заңдылық» дегеніміз құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет