Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты



бет109/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты – адамда қоғамдық ізгі мұраттарды, отан сүйгіштік сезімін бейбітшілікке ұмтылысын, қоғам игілігіне еңбек ету қажетттілігін тәрбиелеу.

Азаматтықтың негізгі элементтеріне – мыналар жатады: ар – намыс сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте,тәртіптілікте, басқа адамдарға және мемлекеттік билікке құрмет және ұлтаралық сезімдерін үйлесімді қиюлыстыру қабілетінде көрінетін адамгершілік, құқықтық және саяси мәдениет.

Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани – адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.

Жастарды патротизмге баулу, қоғамның жаппай рухани әлеуметін арттыру мақсатында 2006 жылы Елбасының Жарлығымен азаматтарға патриоттық тәрбие берудің бағдарламасы қабылданғаны белгілі.

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізі – тұлғаның патриоттық сана – сезімін қалыптастыру, патриоттық іс–әрекетін ұйымдастыру, мінез– құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу – тәрбие ісінің өзегі.

Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр ұстаздың мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін – өзі сын көзбен қарап дамыта алатын, өз елінің өткенін, тілін, әдет– ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтейтін,саяси– экономикалық жағынан жетілген,

өмірде кездескен қиыншылықтарды шеше білетін бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет