Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері



бет117/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері:

– Ойлау іс– әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;

– Негізгі ойлау операцияларын меңгеру;

– Зиялылық біліктерді қалыптастыру;

– Ақыл – ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру;

– Дүниетанымды қалыптастыру.



Ақыл ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, ержетіп есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы болып табылады.

Педагог М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде тәрбиені төрт түрлі болатынын көрсетіп берді,олар: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол жөпшеңді ыстық, суық, аштық, жалаңаштықсықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне ослай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғаныдығы. Балам адам болсын дейтін ата – ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын, дұрыс дей келе, баланың тәрбиесінде тәрбиешінің рөлі орасан зор екендігін баса айтады. Олай болса, бұл осы төрт тәрбиеге оқу – тәрбие процесінде көңіл бөлудің қажеттігін аңғартады.

Ақыл – ой тәрбиесінің негізгі құралы – мектептегі оқыту, яғни ғылымға негізделген оқу пәндері болып табылады . Өйткені ақыл – ой тәрбиесі көздеген мақсат – міндеттер ғылымға негізделіп, оқыту процесінде жүзеге асады. Сондай – ақ, зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл – ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет