12.6. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен мәні
Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды құрамдас бөлігі.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу.
Мораль дегеніміз – адамдардың бір біріне деген міндеттері мен қарым – қатынасын анықтайтын мінез – құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль – латын тілінде адамгершілік ұғымын білдіреді.
Адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез – құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы.
Адамгершілік жиынтығы - борыш болып табылады.
– Адамгершілік жиынтығының құрамдас бөліктері: адамның – адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
– Ата – аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата – аналардың алдындағы борышы;
– Жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы, т.с.с.
Адамгершілік борыш идеясы – бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау болып саналады.
Олай болса, адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |