Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Ұйымдастыру формалары деп



бет122/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Ұйымдастыру формалары деп – баланың оқу әрекетінен, оқудан тыс тәрбие жұмыстарын айтамыз.

Сабақ үстінде оқу пәндері мазмұнының адамгершілік бағытын қамтамасыз ету болып табылады. Оқушыларға оқу пәндері мазмұнын оқыту арқылы табиғат, қоғам, адам жайындағы заңдылықтардың қыр – сырын танып, адамдар арасындағы өзара қарым – қатынаспен олардың еңбектері жайлы көзқарасын орнықтырады, қоғамдық мінез – құлық қырларымен таныстырады, моральдық қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Адамгершілік туралы ұғымдарын түсіндіріп, адамгершілік тәжірибесін бойларына сіңіреді.

Оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан – салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиесінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық – психологиялық негіздері ерте заманнан – ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.

Қазақтың ғұламаларының ішінде әл – Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Оның пікірінше, « Жақсы мінез– құлық пен ақыл – күші бұлар адамшылық қасиеттер болып бабылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез–құлқымыз мақтаулы болады » – деп ескертеді. Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез– құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болтындығы.

Сол сияқты ағартушы Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарынан да бүкіл әлемдік тәлім – тәрбиенің деңгейі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын көреміз. Ол өз еңбегінде «Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» деді. Және ол өз досы Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы.Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды», –деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан – тәнімен жақсы көрсе, оқу–тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата – аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді: «Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты». Ағартушы – педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті – оқу– тәрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің рөлі айрықша екендігін түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет