Экономикалық білім – оқу пәндеріндегі білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды жүйелендіруге бағытталған.
Эконмикалық тәрбие – жеке тұлғаның әлеуметтік құнды, жағымды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Экономикалық тәрбие – кең мағынасында алғанда экономикалық білім беру арқылы эконмикалық сананы, экономикалық қызметке байланысты тиімді іскерліктер мен дағдыларды, жеке тұлғаның экономикалық мәнді сапа қасиеттерін қалыптастыруға (құнттылық, іскерлік, жауапкершілік ) экономикалық ойды дамытуға бағытталған ұйымдасқан түрдегі тәрбие.
Экономикалық тәрбие беру оқушыларды халық шаруашылығының түрлі салаларында экономикалық қызметке дайындауды қарастыратын жүйелі, мақсатты, бірлесе ұйымдастырылған педагогикалық процесс. Бұл процесс сауатты ойлау, ішкі және халықаралық өмірдегі қайсыбір қоғамдық құбылыстарды экономикалық тұрғыда дұрыс бағалауды; жүйелі қоғамдық пайдалы өнімді тиімді және сапалы еңбекке қатыстыруды, оның нәтижелерін талдауды, өзінің және ұжымдық еңбектің едеуір ұтымды түрлерін іздестіруді оқушылардың бойына қалыптастыруды көздейді.
Мұндағы негізгі мақсат – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Экономикалық ойлауын дамыту үшін мынадай міндеттерді ескеру қажет:
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүруі заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру ;
2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің әдістері мен жолдарын жақсы білетін, өзінің оқу өндірістік іс – әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне жауап бере алатын, қоғамға, өзіне ұқыпты тұлғаны қалыптастыру.
3. Өндірістегі эқономикалық қатынастарға белсене қатыса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;
4. Ақыл – ойға сиымды қажеттіліктерді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді. Сондай – ақ экономикалық тәрбие оқу – тәрбие жұмысы арқылы, экономикалық мәселелер жөніндегі факультативтер, еңбекке оқыту, өндірістік практика, мектеп пен отбасының өзара әрекеті, экономикалық мәселелер жөніндегі сыныптан тыс жұмыстар (экскурсиялар, тақырыптық ертеңгіліктер, ойын, көрнек үгіт, қабырға газеттерін шығару, көрмелер әзірлеу, үйірме жұмыстары) арқылы жүзеге асырылады.
Мәселен, оқушылардың экономикалық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстарда үйірме жұмысының алар орны ерекше. Себебі, экономикалық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндетті атқарады. Ол мынадай міндеттер:
– оқу прцесімен сыныптан тыс уақытта экономикалық материалдардың теориялық
мәселелерін оқып үйренуге мүмкіндік туғызу;
– оқушылардың теориялық материалдарды меңгергенде экономикалық мәселелерді
дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
– оқушылардың экономикалық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының
жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын және іс – әрекеттерін іске асыруға
мүмкіндік жасау;
– оқушылардың экономика мазмұнды материалдарын пайдалануын және оларды практикалық іс– әрекетпен жағдай жасау.
Үйірме жұмыстарды өткізуді ұйымдастыруға байланысты жазылған экономикалық тәрбие берудегі үйірме сабақтарының маңызы, үйірме сабақтары үшін материалдарды іріктеп алу, оларды өткізу әдістері, оқушылардың қызметін есепке алу, бағалауды ұйымдастыру.
Үйірме ерікті, оған қабылданған оқушылар белгілі бір ережелерді сақтауы тиіс. Үйірме жұмысының нақты жоспары болуы керек, оған арнайы журнал ашылады. Ол журналға үйірме мүшелерінңің аты – жөні, жоспары, жеке тапсырмалар, қатысуы туралы белгілеп жазылады. Жалпы үйірме тақырыптарына міндетті түрде қойылатын талап – олардың қоғамдық мәнділігі. Пайдалы іс балаларды біріктіреді. Бұл сыныптан тыс жұмыстың оқу сабақтарына қарағанда айырмашылықтарының бірі. Сондықтан да үйірме оқушыларды ұйымшылдық пен қоғамға пайдалы істерді атқаруына мүмкіндік береді. Бұл тұста балалардың жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
Балаларға танымал экономикалық мазмұндағы сюжеттік – рөлдік ойындар ретінде «Дүкен» ойынын атап өткен жөн(біздің байқауымызша, бұл ойында қыздар жақсы көреді және ұйымдастырушы да солар, ал ұлдар ол ойынға ықыласпен қатысады). Мұнда баға жазылған қағаздар, таразылар, ақша, чектер дайындалып, витрина (сөре) жабдықталады. Ойынның пайдасы : балалардың еркін түрде баға, ақша, сапа, ақау сияқты экономикалық түсініктерді біліп, есте сақтауына, сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас туралы ұғымы болуына; затты дұрыс сатып алуға, есептеуге, өзінде бар ақша сомасына сәйкес тауарлар сатып алуды үйренуіне көмектеседі.
Ал «Үй» ойынына тарту балалардың отбасы экономикасына қамтылуына көмектеседі. Сол сияқты «Шаруақор болып өсеміз» атты сапарнама – ойын түрі қожайындық сезіміне тәрбиелейді. Сапарнама – ойынға: «Ата – аналарыңа қалай көмектесесің?», «Кеше уақытыңды неге жұмсадың ?», «Нан, сүт, қант қанша тұрады?», «Портфель 150 теңге тұрады.Саған 3 жыл оқығанда 3 портфель сатып алып береміз. Егер сен үш жыл бойы бір порфель ұстасаң, отбасымызға қанша ақша үнемдеуге көмектесер едің ?», «Еңбек» атты сөз жұмбақты шеш, «Сүт пакеттерінен құсқа арналған ұя жаса» атты сұрақтар мен тапсырмаларды енгізуге болады . Бұл ойын экономикалық ойлау негіздері мен сананы дамытуға көмектеседі. Әрине бұл ойындар бастауыш және ортаңғы буынның оқушыларымен жүргізіледі, ал жоғары сыныпта кәсіби бағдар беруге ықпал ететіндей етіп, жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыруға болады.
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе «Қоғамтану», «Құқық негіздері», «Тарих», «География», «Биология», «Химия», «Физика», «Математика», «Еңбекке баулу» пәндерінің мүмкіншіліктері мол. Түрлі пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді.
Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие берудегі процесс барысында еңбек өніміне, материалдық құндылықтарға саналы көзқарас тәрбиеленеді, уақытты ұтымды пайдалану дағдылары сіңіріледі, өзінің қажеттіліктерін экономикалық мүмкіндігіне қарай қанағаттандыруға үйренеді, экономикалық сана мен мінез – құлық, экономикалық мүдде және тиімді экономикалық қызметке желеу болатын факторлар қалыптасады, экономикалық есептілік, іскерлік, жинақылық, тәртіптілік, жауапкершілік сезімі, кәсіпкерлік қасиеттер бойға жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |