Түсінік хат
- баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені, логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді Бастауыш сынып оқушыларының ойлау жүйесінде алғырлық, мазмұнды қозғалыс оқушының бойына тән қасиет болғанымен, көптеген жағдайларда ұшталмай қалатындықтан, соған сәйкес қайшылықтар кездесуде: қойылған сұраққа тез жауап бере алмауы, тың идеяны қабылдай алмауы, өз қабілетін көрсете алмауы т.б. Осыға орай, шығармашылық қабілетті дамытуда логикалық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі туралы белгілер ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Қ.Бердібаев. Өз еңбектерінде ғылыми тұжырым жасаған.
Осы негізде біз оқушының логикалық ойын жетілдіру, логикалық ойлау операцияларын беріп қалыптастыру-заман талабына сай күнделеніп келе жатқан оқу материалын саналы, әрі сапалы игерумен ұштасады деп есептейміз. Егер, оқушылар бастауыш мектеп қабырғасын үнемі әрі жүйелі түрде өзінің ақыл-ойын жаттықтырса, күрделі де қиын есептерді шешуге дағдыланса, оның нәтижесі келешекте кезіккен қандай да бір тығырықтан жол таба білуге тәрбелейтіні сөзсіз. Ендеше, 1-4 сыныптарда аптасына 1 рет шахмат пәнінен үйірме енгізу оқушылардың ой-өрісін дамытып, бағдарламадағы алған білімдерін кеңейтіп толықтыруға көмектесері анық.
Мақсаты:
Оқыта және дамыта отырып, балалардың шығармашылық ойлауын дамыту. Балалардың бастауыш сыныптарда оқылатын пәндерден алған білімдерін тереңдетуді, ойлау, танымдық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Шахмат арқылы оқушының ойлауын, түрлі тәсілдер арқылы пайымдауға, өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді.
Міндеттері:
Білім алушылардың негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету.
Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту
Ой қорыту, талдау, жинақтау, топтау дағдыларын қалыптастыру.
Танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өзектілігі:
Егер, оқушылар бастауыш мектеп қабырғасынан үнемі әрі жүйелі түрде шахмат ойнаса, оның нәтижесі келешекте кезекпен қандай да бір тығырықтан жол таба білуге тәрбиелейтіні сөзсіз. Сондықтан шахмат пәнін өткізу-бүгінгі күндегі өзекті мәселе.
Курсты меңгерту әдістері:
Теориялық материалды баяндау, түсіндіру;
Ақпараттық технологияларды пайдалану;
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері;
Көрнекілік құралдар пайдалану;
Шахмат макеттерімен үйрету
Күтілетін нәтиже:
Білім алушылардың негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана алады.
Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауы қабілеттері дамиды.
Ой қорыту, талдау, жинақтау, топтау дағдылары қалыптасады.
Баланың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |