Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар
– оқу бағдарламасына сәйкес болуы;
– оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болуы;
– көрнекіліктермен жақсы жабдықталуы;
– тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
– тексеру, өзін – өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Ал электрондық оқулыққа тоқталар болсақ, ол үш блоктан тұрады,олар: теориялық, тәжірибелік және бақылау. Теориялық блокта негізгі ұғымдар, теориялық сұрақтар қарастырылады. Тәжірибелік блокта теориялық мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар беріледі. Бақылау блогында оқушылардың немесе оқырмандардың білімін тексеруге арналған сұрақтар беріледі.
Электронды оқулықтың жетістіктері:
– шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
– дәстүрлі оқулықта көп ізденуді қажет ететін қажетті ақпаратты тез табуға
көмектеседі;
– гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты
неғұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
– қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедия
технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді );
– әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз
бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
– белгілі бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |