19.7. Білім берудің даму бағыттары
Бүгінгі біздің мемлекетіміздегі жалпы орта білімінің даму бағыттары.
Үздіксіз білім беруі;
Жалпы орта білім беру;
Оқыту арқылы балаларды дамыту;
Білімді технологияландыру және ақпараттандыру;
Үздіксіз білім беру бағыты біздің елімізде екі бағытта дамуда.
Вертикалды үздіксіз (төменнен жоғары қарай) білімге: жанұя, бала – бақша, мектеп, арнайы орта және жоғары орындары жатады.
Горизонтальды үздіксіз білім алу жолдары: қысқа мерзімдегі курстарда, өз бетінше оқу, мамандық өзгерту т.б. үздіксіз білім беру, білім алу жолдары мемлекет тарапынан немесе жеке меншік оқу орындарында жүргізіле береді.
Жалпы орта білім беру бағыты. Бұл бағытқа қойылатын қажеттіліктен туындайды;
Білімнің біртұтастығын сақтау;
Білімнің бірізділігін ескеру;
Әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру;
Гуманистік көзқарасты қалыптастыру;
Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру;
Мектептегі демократияны қалыптастыру;
Уақыт талабына сай өзгерістерді ескеру;
Жалпы орта білімді өмірмен ұштастырып, бағыт- бағдар құра білу;
Тұрақтылықты және варианттықты ескеру.
|