Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет206/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

СӨЖ тапсырмалары:

1. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі, құрылымы мен қызметі.

2. Білім мазмұны түсінігі және оның мәні.

3. Мектеп оқулығы – білім беру бағдарламаларын қамтитын құрал.


Реферат тақырыптары:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мазмұнының

мәселелері.

2. Білім беру жүйелері және тұлғаны дамыту.



20 -дәрістің тақырыбы: Оқыту әдістеріне сипаттама
Дәрістің мақсаты: Мұғалімнің оқыту әдістерін оқушылардың оқу– танымдық білімдерін

меңгеруде пайдалану, оқыту құралдарына сипаттама беру.



Жоспары:

1.Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы түсінік.

2.Оқыту әдістерін топтастыру.

3.Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.

4.Оқыту әдістерін таңдау.

Негізгі ұғымдар: әдіс, оқыту әдісі, оқыту тәсілі, оқыту құралы, оқыту әдістерін таңдау.
20.1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы түсінік

Әдіс (гректің metodas) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методикалық – теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.

Оқыту әдісі – танымдылықты – оқыту іс – әрекетіне байланысты, дидактикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі.

Оқыту әдісі – дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны әдістері және ұйымдастыру фомаларының біртұтастығы болып табылады.

Қысқаша психологиялық – педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берген: «әдіс – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет».

Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым – қатынасының амал – тәсілдері болып табылады.

Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеті артады.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Оқыту әдістері – оқытудың мақсаты – міндетіне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс – әрекетін оқушылардың таным – әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет