Оқыту әдістерінің құралдарына:
а) Оқулықтар, плакаттар, жаттығулар, сабақта қолданылатын құралдар;
б) Көрнекті құралдар: диаграммалар, кестелер, табиғи объектілер, тарихи және географиялық карталар, муляждар;
в) Техникалық құралдар: ЭВМ, компьютер, оқу машиналары т.б аппараттар;
г) Түрлі объектілер: Өндіріс орындары, көрмелер, мұражайлар т.б.
20.2. Оқыту әдістерін топтастыру
Бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші С.И.Зиновьев, С.И.Кузьмина, Т.И.Ильина, Н.Д.Никандоров т.б оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп,оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
Түсіндірмелі хабарлау әдісі;
Репродуктивтік әдіс;
Проблемалық баяндау әдісі;
Эвристикалық әдіс;
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов,
Т.А.Ильина):
Жаңа білім беру әдісі;
Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
Білімді тексеру әдісі;
Проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
Оқу – танымдық әрекеттердіұйымдастыру;
Оқуға ынталандыру;
Оқытудағы бақылау және өзін – өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.ГЛемберг):
Ауызша баяндау әдісі;
Есеп шығару әдісі;
Өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
Жаңа білімді игеру әдісі;
Өзіндік білім әдісі;
Проблемалық әдіс;
Практикалық әдіс;
Көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |