Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет211/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

20.4. Оқыту әдістерін таңдау

Оқыту әдістерін жетілдіру–бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеу қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңызды беріледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқу материалының мазмұны мен көлеміне оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылымы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп өзі таңдап алады.

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі бір шарттарға байланысты:

1. Оқыту әдістерін оның мақсат міндеттеріне, оқушылардың жас және таным

әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жақтарын ескеру;

3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру.

Мысалы: оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігі, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

Мұғалімнің іс–тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Мұғалімнің таңдап алған әдістері, өз жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет