Күні: 6.02.2017ж
Сыныбы: 8 «в»
Сабақтың тақырыбы:Шөл зонасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстанның табиғат зоналары бойынша оқушыларға шөл зонасының ерекшеліктері туралы білім беріп түсіндіру
Дамытушылық:Тақырыпты ашып, оқушылардың ой-өрісін дамыту мен өзіндік пікірін қалыптастыруға үйрету
Тәрбиелік:Сабақ мазмұны және әр түрлі дидактикалық материалдар арқылы оқушыларға адамгершілік,экологиялық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,суреттер,
Сабақтың өту түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың өту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,
Сабақтың өту барысы:
I Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Миға шабуыл әдісі
Ш-Топырақтың жұқа қабаты неще жыл бұрын және қай дәуірде пайда болды? 500 млн жыл, кембрий дәуірі
Ө- Топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтаған орыс ғалымы? В.В.Докучаев
Л- Қазақстан өсімдік жамылғысы қай дәуірден басталады? бор дәуірінің аяғы, палеоген дәуірінің бас кезі
З- Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы неше мың өсімдіктер түрлерінен тұрады? 6000
О- Сырдария –Қаратау флорасында неше өсімдік түрі және нешеуі осы ауданға тән?
Н- Арал мен Каспийде балықтың неше түрі кездеседі? 40-50 және итбалық
А- Омыртқалы, омыртқасыздардың нешеуі «Қызыл кітапқа» енгізілген?125,96
С- Палеоген дәуірінде Қазақстанда қай белдеулердің жануарлары мекендеген? тропиктік, субтропиктік
Ы- Таулы аймақта мұз басу дәуірінен кейін қайта дамып өскен жануарларды ата? қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, қарақұтан,қызылқұтан
тақтада жаңа тақырып ашылады
II Жаңа сабақтың жоспары
1Шөл зонасының еліміздегі орны
2Климаты
3Топырағы
4 Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
ІІІ. Жаңа сабаққа жалпы шолу
Оқушыларға бейнематериалдарды көрсетіп, жаңа тақырыпты ашу
Қазақстанның табиғат зоналары картасы
Шөл зонасы Қазақстан аумағының 44%-ына жуығын-Каспий теңізі жағалауларынан бастап,
оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейінгі 120млн га аймақты алып жатыр.
Бұл зонада,негізінен,құмды және сазды,тасты шөлдер кең тараған.
Шөл зонасындағы шөлдер
Құмды Сазды Тасты
Қызылқұм Үстірт Сарыарқаның
Арал маңы Қарақұмы Бетпақдала оңтүстігінде
Мойынқұм Бетпақдаланың
шығысында
Үстіртте
Маңғыстау
ІV. Жаңа сабақты пысықтау
3 қатар бойынша жеке жұмыс беріледі.
1-қатар: Климаты мен табиғаты
2-қатар: топырағы мен жануарлары
3-қатар: өсімдіктері
Оқулықпен жұмыс, мәтінмен танысып болған соң, жұптық тапсырма беріледі. Берілген уақыт біткен соң оқушылар берілген тақырыпшаларын қорғайды.
Климаты: Шөлдің климаты мұнда да тым континентті және аса құрғақ.
Жауын-шашын өте аз түседі,жылдық орташа мөлшері 200мм-ден аспайды.
Шөлдің кейбір аудандарында жылдық ж-м 100мм. Жазда ж-ш өте сирек жауады. Ж-ш көбісі көктемде түседі. Қысы суық, аяз -40С. Жазы өте ыстық қапырық, әрі құрғақ. Шілденің орт. температурасы солт 24-26С, оңтүстігінде 28-30С, құм беті жазда 70С дейін қызады.
Топырағы: Шөлдің солтүстігінде жеңіл саздақтың үстінде қалыптасқан құрамында 2.5% шіріндісі бар қоңыр топырақ тараған.Ал құрамында 1.0-1.2%ғана шірінді болатын сұр-қоңыр топырақ шөлдің оңтүстігіне тән.
Өсімдігі: Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастарға жататын селеу өседі.Селеуден басқа эфемерлі өсімдіктер:өлеңшөп,құмның боз жусаны,құм бетегесі,еркекшөп,құмның жабайы сұлысы,
қоңырбас,құм түймедағы,көсік,құмаршық жақсы өседі.Сырдария аңғарында,Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау бөктеріндегі шөлдерде Қазақстан эндемигі-жусан дерменесі өседі.
Шөл өсімдіктерінің ерекшеліктерінің бірі-табиғат жағдайларына бейімделуі.
Мысалы,құмдағы өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын болып келеді.
Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден құмды жерде ақ сексеуіл және сортаң топырақты жерде қара сексеуіл өседі.
Шөл зонасында көктемде алуан түрлі әдемі гүлдер:қызғалдақ,шөл көкнәрі бой көтереді.Өзен аңғарларына тән ерекше
өсімдіктер-әр түрлі өсімдіктерден құралған тоғай деп аталатан қалың бұталар,шеңгел,жыңғыл өседі.
Шөлдің жануарлары онда өмір сүруге бейімделген.Олар: қосаяқ, сарышұнақ ,құм тышқаны,кесіртке, жыландар,
тасбақа,кірпі шаян,қарақұрт,бұзаубастар.
Бетпақдала,Маңғыстауда,Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде ақбөкен мен қарақұйрық,қасқыр,түлкі,қарсақ,қоян тіршілік етеді.
Шөл зоналары мал шаруашылығы үшін,әсіресе құмды шөлдер қысқы жайылым үшін қолайлы.
Қой,мүйізді ірі қара,түйе,жылқы шаруашылықтары жақсы дамыған.
Сергіту сәті: «Белгісіз жануар»
1 тасбақа
2 жылан
3 қоян
4 қабан
5 саршұнақ
6 қарға
III Жаңа сабақты бекіту
«Сандар сөйлейді»
1.200мм
2.44%
3.100мм
4.-40С
5.70С
6.2,5%
7.1,0-1,2%
8.28-30С
Шығармашылық тапсырма
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»өлеңін параграф мәтінімен салыстырыңдар.Сол кездегі ақын көтерген мәселе бүгінгі күні де өзекті ме?
Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ-шөл,ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ,күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел жайлау,өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш,қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.
V Қорытынды
Кері байланыс.
Олардың білімін бағалап, журналға және күнделіктеріне қойып беру.
Үйге тапсырма
Шөлейтзонасын оқу және шөлейт пен шөл зонасын салыстырып Венн диограммасын сызу.
«Шөлдегі тіршілік» тақырыбына эссе жазу.
Ақшұқыр мектеп-лицейі
Тақырыбы: Шөл зонасы
Орындаған: Арайлым Ғарифуллақызы
Сыныбы: 8 «В»
2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |