7. Үйдегі оқу жұмысы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде сыналады.
Оқушылар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады. Сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін–өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады.
Сонымен оқытудың ұйымдастыру формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу – тәрбие процесінің міндеттеріне, екіншіден, алынған материал мазмұнының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың мүмкіндігі мен белсенділігіне, білімі мен қабілетіне байланысты .
Оқу – тәрбие процесіндегі басты тұлға – ол оқушы . Егер мұғалім оқу жұмысын ұйымдастыру формалары кезінде оқушы тұлғасын нағыз құндылық ретінде мойындап, педагогикалық қарым – қатынастың ізгілік – адамгершілік қағидаларының негізінде дер кезінде педагогикалық кеңес беріп, назар аударып отырса, онда әрбір оқушы мұғалімнің адамгершілік көмегін шын ниетімен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында ұйымдастырылған жұмыс түрі балаларға қуаныш сыйлап, болашаққа ұмтылуға жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |