Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптасу.
6.1. «Тұлға » түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы
Біздің елімізде жеке тұлғаны жан – жақты дамыту жүзеге асырылады. Бұл міндет өсіп келе жатқан адамды дамыту проблемасын әрбір ғылым терең зерттегенде ғана нәтижелі шешіледі.
Бұл мәселемен психология және педагогика, әлеуметтану, т.б. ғылымдар бұрыннан айналысып келеді. Педагогика басқа ғылымдармен тығыз байланыста бола отырып, жеке тұлғаның жас және дербес дамуының заңдылықтарын зерттейді, әрбір адамның дамудың ең жоғарғы деңгейіне жету шарттары мен жолдарын айқындайды.
Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс–әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Индивид – адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Достарыңызбен бөлісу: |