6.2. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары
Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойында болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.
Бұл теория негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез – құлықты түсіндіреді және алдын – ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез – құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.
Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856–1939 жж.) психодинамикалық теориясы адамның мінез–құлқын психоаналитикалық қарым – қатынас арқылы зерттеуге негізделген.
Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе–теңдік теориясына негізделген.
Эриксон теориясының артықшылығы – биологиялық жетілу жолдарының адам өмірінің барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық, психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. әлеуметтік үрдістермен байланыстылығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |