Негізгі ұғымдар: әр типті мектептер, үздіксіз білім.
8.1. Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы заңы. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының принциптері
Қазақстан Республикасының білім беру туралы Заңына (1999ж.) 2007 жылдың 27–шілдесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заң 12 тараудан, 68 баптан тұрады. Мұнда «Жалпы ережелер» тарауында осы заңда кездесетін педагогикалық ұғымдардың сипаттамасы, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы, Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері тағайындалған. «Білім беру жүйесін басқару» тарауында Қазақстан Республикасы өкіметінің, Білім беру саласындағы уәкілетті органның, Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті, Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, оқыту мен тәрбиелеу тілі туралы баптар берілген.
Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында білім беру жүйесі, білім беру мазмұны, білім беру қызметін ұйымдастыру, білім беру қызметінің субьектілері, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу, білім беру жүйесін қаржылық қаматамасыз ету, білім беру саласындағы халықаралық қызмет, ҚР – ның білім беру саласындағы заңнамасын бұзғандығы үшін жауаптылық мәселелері бойынша заңдар тағайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |