Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Жеке ерекшелігін есепке алу



бет71/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Жеке ерекшелігін есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасуы процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып, тәрбиелеуде педагогикалық ықпалдардың, әдістеме түрлерінің барлығын пайдалану.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет аласын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр –түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Темперамент – бұл адамның психологиялық қызметі мен мінез– құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі . Адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке байланысты болады.

Темперамент 4 – типке бөлінеді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент типтері психологияда толық түрде қарастырылады. Мұғалім сабақ үстінде тәрбие жұмыстарының барысында балалардың мінез – құлықтарын ескере отырып , темпераментін тәрбиелейді. Мысалы: сангвиник типті баланың іс – әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырманы дер кезінде орындалуын қадағалап отыру сияқты т.с.с. Ал меланхолик типтегі баланың жасқаншақтығын, баяулығын т.с.с. ескере отырып, оны белсенділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.

Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады.

Мектеп оқушыларын олардың қабілетіне қарай топтарға біріктіруге болады,яғни типология жүргізуге болады. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

– қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері;

– дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.



Дарындылық – адамның интелектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс – қиялының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.

Баланың дарындылығы деп – бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.

«Дарындылық» – бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» – бұл адамның белгілі іс – әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. Қазіргі таңда өмір тәжірибесінде дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Ерте дарындылық мысалы ретінде «вундеркиндтер»( « таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балаларды да айтып кетуге болады. Мұндай балаларда ақыл – ой қабілеттілігінің күшті дамығандығы көрінеді. Мәселен, өте ерте әріпті танып оқу , жаза білу, санау, логикалық есеп шығару және т. б.

Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт арасында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік. «Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік» – бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс – әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет