Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз



Дата13.05.2022
өлшемі18,74 Kb.
#143002
Байланысты:
билеты по психу
расмус раск

1 билет
Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

  1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.

  2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді

  3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.

  4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.

2сұрақ

Оқыту психологиясының негіздері

Оқыту психологиясы – педагогикалық психологияда, педагогикада, жалпы дидактикада міндетті түрде білім беру процесінің екі, өзара байланысты жақтары ажыратылады: оқытушы, тәрбиелеуші және үйретуге жарамдылық, яғни педагогтің қатысуымен жүзеге асырылатын оқыту (teaching) және сөздің ең жалпы мағынасында үйрету (learning) немесе нақтырақ айтқанда оқушының қатысуымен жүзеге асырылатын оқу.

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.



2 билет
Темперамент (лат. temperamentum 
- бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
2сұрақ
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті-оқу
Оқу іс – әрекетінің негізгі сапасы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы
балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар
бойы асыл мұрасын, дағды тәрбиесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу
арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін
меңгереді, сөйтіп өзінің практикалық әрекетке дайындайды. Білім
жүйесін менгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы
түсінеді. Оларды жан – жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ
уақытты керек ететін күрделі процес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет