Жас кезеңдері – әрбір адамның дамуының қажетті стадиясы. Жас кезеңдері әртүрлі жастағы адамдардың даму және жетілу ерекшеліктеріне негізделген.
Өмір циклінің басқа да көптеген сатылары, стадиясы бар. Герентологияда төмендегідей көптеген белестер мен баспалдақтарға, фазаларға бөледі (Б.Г.Ананьев, 1980).
1.Жастық шақ 12– 17 жас
2. Ерте есею жасы 17– 25 жас
3. Есейгендік 25– 29 жас
4. Кеш жетілу 50– 75 жас
5. Кәрілік 75 жас
Кейбір сатылық дамуда жас фазасы жыныстық күйге байланысты. Сондай – ақ, халықаралық симпозиумда қабылданған жас кезеңі төмендегідей:
1. Нәрестелік кезең;
2. Бөбектік кезең (1– 3 жас);
3. Мектепке дейінгі кезең (3– 7 жас);
4. Балалық шақтың екінші кезеңі (8– 12 жас ұл бала үшін, 6, 8– 10 жас қыз бала үшін);
5. Ересек жас (13– 16 жас ұл бала үшін 9– 15 жас қыз бала үшін);
6. Жастың шақ (17– 21 ерлер үшін, 16– 20 жас қыз балалар үшін);
7. Орта кезең
• бірінші кезеңі (22– 35 жас ерлер үшін, 21– 35 әйелдер үшін);
• екінші кезең (36– 60 жас ерлер үшін, 36– 55 әйелдер үшін);
• қарт адамдар (61– 75 ерлер үшін, 55 – 75 әйелдер үшін).
8.Кәрілік кезең 74 –90 әйел мен ер адам үшін ұзақ өмір сүрушілер 74 – 90 жас.
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады. Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдеріін еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдердің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бестерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбірулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады. Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына олардың өмірімен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдеріне болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осыдан дәлелдегісі келеді. Бірақ, олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің ғалым – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөлінеді. Мысалы,бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауға байланысты 4,5,6 және 7 сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Сонымен ғылымда балаларды жас ерекшеліктеріне қарай педагогикалық тұрғыдан жас кезеңдеріне бөлу төменде көрсетілген (слайд 3).
Слайд 3– «Балаларды педагогикалық тұрғыдан жас кезеңдерге бөлу»
Мәселен, мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы 14 килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек – бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш– қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет. Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады.
Негізгі іс– әрекет – ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата – аналардың өзі де сезе бастайды.
Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адам жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т.б.
Баланың дене, психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады., сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі,салмағы 32 – 34 кг шамасында болады. Бұл жастағы балалардың іс – әрекеті – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі (қабылдау,зейін, ес,қиял, ойлау) дамиды.
Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко 7– 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.
Жеткіншек шақта балалардың бойының ұзындығы 134 – 155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі (бұл кезеңнің барысында баланың бастауыш мектеп шағынан жеткіншектік шаққа көшу болады) немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де, кездейсоқтық емес. Өйткені Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ) жас деп атап көрсетті.
Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым – қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуінде елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы қаңқаның сүйектену процесінің нығаюы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы (ер баланың жыныс мүшесі 15–16 жаста, қыз баланікі 13–14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз, өз бетімен талаптануын тудырады. Олар отбасында мектепте түрлі еңбек процесіне қатысады, күнделікті өмірді бақылайды,ой-өрісі кеңейеді. Міне осылардың негізінде бала өзін – өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді. Жеткіншек жастағы балалар намысқой болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды.Сондықтан олар бұл жағдайда үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып, наразылық білдіреді.Үлкендерге байланып,олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың қатынасында түсініспеушілік, салқындық туады. Жеткіншек кезеңінде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: организм мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым – қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл,жолдастық,достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кино – фильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады т.б. Ақыл – ой және спорт ойындары да баланы дамытудың басты себептерінің бірі. Ақыл–ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін дамытады,ойлау теориясына (салыстыру,ажырату, жинақтау т.б.) жаттықтырады. Спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін – өзі билеу,батылдық, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырады. Мектеп жасындағы балалардың жан – жақты, үйлесімді дамуының негізгі көздері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, көркем– өнер және спорттық іс– әрекеттері деп жоғарыда айтып кеттік. Оқушылар іс– әрекеттерінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылады. Сондықтан оқу басқа іс – әрекеттеріне қарағанда бірте – бірте қалыптастырады. Оқудың барысында сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ой-өрісі кеңейеді, білімі тереңдейді,жауапкершілігі артып,ол алдына қойған мақсаттарын орындауға талпынады. Оқушы он бір жылдың ішінде бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін даму жолынан өтіп, нақты білім, саналы тәрбие алады. Міне, осының нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орындарына түсуге қабілетті болып шығады.
7.2. Акселерация құбылысы
Акселерация (латынның acceleratio– үдеу) – балалық және жасөспірімдіік шақтағы физикалық, бір жағынан психологиялық дамудың жедел, тез жүруі.
Биологтар акселерация құбылысын организмнің физиологиялық жетілуімен, психологтар психикалық функциялардың дамуымен және әлеуметтендірумен байланыстырады.
Педагогтар акцелерация құбылысын физикалық дамудың жедел қарқынымен болмасада, организмнің физиологиялық жетілу процестерінің келіспеушілігімен және тұлғаның әлеуметтенуімен байланыстырады.
Акселерацияның басты себептерінің ішінен мыналарды атауға болады; олар:
– өмір шапшандығының жалпы қарқыны;
– тамақтану және медициналық сапасының артуы;
– ерте балалық шақтағы балалар күтімінің жақсаруы;
– көптеген ауру балалар сырқатының түп тамыры мен жойылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |