Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет66/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде.

Тәрбие – қоғамға саналы азаматты – жеке тұлғаны қалыптастыра алатын басты қүш.

Тәрбиенің мақсатқа сай, жүйелі ықпал етуі алдын ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Іс әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс – әрекетті оның санасында із қалдырмайды. (А.Н. Леонтьев).

Ісәрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:


  • танымдық іс – әрекет;

  • қоғамдық іс – әрекет;

  • спорттық іс – әрекет;

  • көркем өнерлік іс – әрекет;

  • техникалық іс – әрекет;

  • қолөнерлік іс – әрекет;

  • гедоникалық (ләззат алуға бағытталған) іс – әрекет.


6.4. Тұлғаның дамуында белсенділіктің ролі

Белсенділік деп – адамның іс – әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Психологияда белсенділікті іс–әрекет деп атайды.

Тіршілік және іс – әрекеттері барысында адамның қарым – қатынас жасау, таным және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым – қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік.Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарым – қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады.

Қарым – қатынас белсенділігі, әсіресе мектеп жасындағы балаларда айқын көрінеді.

Ата – аналарымен, мұғалімдермен, құрдастарымен, үлкендермен қарым – қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктері болады.

Қарым – қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қамқорлық, қайырымдылық, жауапкершілік сезімі,т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар көп нәрсені білгісі келіп талаптанады және сұрақтар қойып мазалайды. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт– бағдар беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық, және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мектеп жасындағы балалардың таным – ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, алған теориялық білімдерін іс – жүзінде еркін білуге үйренеді. Оқыту барысында оқу пәндері оқушының танымдық ынтасын, белсенділігін арттырады. Оқушының танымдық әрекеті тек ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар басқа да психикалық сезімдер мен эмоцияларын, мотивтер мен қызығуларын, жігерін, т.б. жеке бастың қасиеттерін керек етеді. Оқу ойынға қарағанда күрделі болғандықтан, балаларды оқуға қызықтыру арқылы тарту да қиын, оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды түрлендіре отырып, танымдық әрекетін белсендіріп, осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек.

Танымдық әрекет негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс – әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдағы мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.

Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған,оның біреулері танымдық белсенділікті іс – әрекет ретінде қарастырса, ал екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді. А.Аристова: «танымдық белсенділікті қоршаған орта мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы» – деп қарастырса, Т.Сабыров: «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті» – деп атап көрсетеді.

Танымдық белсенділіктің құрылымында тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік, өзіндік әрекетке ұмтылыс, тапсырма орындаудағы саналылық, оқытудың жүйелілігі, жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т .б.

Жеке адам санасының қалыптасу барысында өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады.

Бала даму барысында өзін – өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып, әртүрлі әрекет жасайды. Мұғалім үнемі мұндай талаптанушылықты қостап, көмек пен бағыт беріп отырады. Оқушыны мұғалімдер мен тәрбиешілердің тарапынан берілетін түрлі тапсырмалар мен сабақ үстінде айтылатын ғылыми ережелер сын беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп ойлауға болмайды.

Оқушы – өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұтанып жарық беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін – өзі тәрбиелеу ісіне байланысты. Демек, бала тәрбиенің әрі обьектісі, әрі тәрбиенің субьектісі болуы тиіс. Бала айналаны қоршап тұрған дүниеге көз жіберіп, үстіртін қарап қана қоймай, өзінің соған қатысып, өзінің ішкі дүниесін тани білуі қажет. Сонда ғана ол тәрбиенің субьектісі бола алады.

Бақылау мәліметтеріне қарағанда, бала мектепте көбінесе объекті ретінде ғана байқалады. Оның себебі әрбір мұғалім оқу және тәрбие барысында балаға көбірек білім беруге және моральдық шындықтарды үйретуге біржақты көңіл бөледі де, ол баланың тәрбие субьектісі екендігін естен шығарады. Міне, соның салдарынан бала көп нәрсені таниды және біледі, бірақ ол өзін – өзі дамыту, тәрбиелеу мәселелерін жете түсіне бермейді. Бұдан біз тәрбие жүйесінде оқушылардың өздігінен білім алу, өзін – өзі тәрбиелеудегі мұқтаждықтарын қанағаттандырмайтынын байқаймыз.

Баланың өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады.

Яғни, көптеген тапсырмаларды бере отырып, сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру, дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің ісі болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет