Жалпы (әмбебап) қайшылықтарға адамдарда объективтi факторлар әсерiнен пайда болатын мұқтаждықтар (қарапайым материалдық мұқтаждықтардан бастап рухани мұқтаждықтарға дейiн) мен оларды қанағаттандыру мүмкiндiктерi арасындағы қайшылықтар жатады.
Жеке – дара қайшылықтар тек жеке дара алынған адамға ғана тән болып келедi.
6.3.Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар
Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
Тұқым қуалаушылық
Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік)
Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие
Тұлғаның іс-әрекеті
Американдық психолог және педагог Э.Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл–ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарың сияқты дүниеге келгеннен–ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым қуалаушылық арқылы:
– дене бітімінің ерекшеліктері;
– шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
– қан тобы, резус– фактор;
– бала мінез – құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері,
– психикалық процестердің өту ерекшеліктері;
– қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар;
кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы интеллектуальдық, арнайы және моральдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды.
Интеллектуальдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі мәселесін қарастырғанда, зерттеулердің нәтижесі оған нақты жауап береді: қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді, тек нышан түрінде болады.
Организмнің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерінің, демек, қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз.
Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |