7.3. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық
процесте ескерілуі
Әрбір оқушының танымдық іс– әрекетінің, ерік жігерінің, мінезінің, жүріс –тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады.
Демек, жеке ерекшелік – бұл адамның өз басындағы қасиеттердің бір– бірімен сәйкестілікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттер арқылы көрініс береді .
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне,жыныстық және рухани дамуына, жан – жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |