Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


б).Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ) – математикалық білім технологиясы



бет259/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

б).Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ) – математикалық білім технологиясы

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру тұжырымдамасы қоғамда ақпаратты үздіксіз талдау, жаңашылдықтың қазіргі тенденцияларына және біліим беру стандартына жауап беруі тиіс. ДБІ технологиясы бойынша пәнді оқыту кезінде төмендегі жайларды ескерген жөн:



  • бүтіннің бөлшекке айналуы, талдап жіктеудің синтезге қатысы;

  • бір мезгілде және бірлестіре отырып жақын тарауларды оқыту;

  • оқу аппараттарын жинақтау және күшейту негізінде болашаққа бет алысын бақылау;

  • қарама қарсы әдісті бақылау, циклдік бүтіндік операцияларына және ойлау қабілетіне тиісті көңіл бөлу;

  • оқу тапсырмаларын өздері құрастыруы, жобаларды салыстыру, қорытындылау негізінде ұқсастық, жеке және жалпы жағдайлардан қорытындылар шығаруы.

ДБІ технологиясын қолданудың шешімі білімді өздігінен жетілдіру, логикалық және образды ойлау қабілеті маңыздылығының жемісі болып табылады.

П.М.Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген. Автор оқу материалын кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға, өріс ашылады.Академиктер В,Журавлев, А. Маркушевич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған.Жоғарыда аталған ғалымдардың ой пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл ойының дамуы, математикалық ой өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет