Инновация («новация» –жаңа, жаңашылдық; «ин» –қайталанатын процесс, құбылыс т.с.с. білдіреді ) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым кейде «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық», «жаңаны жасау», «реформалау ұғымдарымен теңестіріледі, ол кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білдіреді.»
Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист Й.Шумпетер болды, олар бұл қағидаларды әлеуметтік – экономикалық және технологиялық процестерге байланысты қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |