Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту процесінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады.
Технология «техне» – өнер, шеберлік және «логос» – ғылым деген ұғымды білдіретін гректің сөзі. Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту дегенге саяды.
Технология – оқу материалының өңдеу тәсілі мен жабдықтары жөніндегі білімдер жиынтығы , материалдарды олардың құрамын өзгертпей өңдеуді зерттейді.
Энциклопедиялық сөздікте: «Технология дегеніміз – өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын,қасиетін,күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы» – деп жазылған.
Өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық тапсырысты орындауға атсалысады. Сондықтанда білім беру саласында да технолгия ұғымы қолданыла бастады, технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60 – шы жылдарында, АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін түрліше анықайды. Атап кетер болсақ, В.А.Беспалько: «практикада іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы» деп түсіндірсе, М.В.Кларин : «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» дейді, ал Б.Т. Лихачев: «оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие құралдарының әлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық – педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы» – деген. Ал Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай : «Педагогикалық технология – оқу– тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі» – дейді. Ал ғалым Қ.А.Сарбасова осы анықтамаларға сүйене отырып, өзінің ғылыми – зерттеулерінде : «педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құруды, оқу– тәрбие процесін жобалауды көздей отырып, оқыту мен тәрбие берудің неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқу– тәрбие процесінде қолданылатын әдіс– тәсілдердің, реттеуші құралдардың жиынтығы, әрі шынайы оқыту процесі ретінде де әрекет етеді» – деп қорытынды жасайды.
Сонымен педагогикалық технология – алға қойған мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік беретін, оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негізделген үрдістерін шығарудың әдістері мен жабдықтарының жиынтығы.
Педагогикалық технология – бұл мақсаттар бір мәнді берілетін және обьективті кезеңдер, өлшеулер және қол жеткізген нәтижелерді қорытынды бағалау мүмкіндіктері сақталатын сәйкес ғылыми жобалауды меңзейді .
Педагогикалық технология – педагогика ғылымының салыстырмалы жаңа ұғымы.
Кез – келген педагогикалық жүйеде педагогикалық технология дидактикалық мәселемен әсерлесетін ұғым. Егер дидактикалық мәселе оқыту және тәрбие мақсаттарын көрсетсе, педагогикалық технология оған қол жеткізу жолдары мен жабдықтарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |