24.2. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу (классификациялау)
Бүгінде бірнеше ғалымдардың педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жіктемесін жасаған.(Т.М.Давыденко, В.Г.Гульчевская, Г:К.Селевко,Т.И.Шамова, В.Т.Фоменко және т.б.). Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгісі бар технологияларды жинақтап, жүйелеген Г.К.Селевконың жіктемесі көңіл аударарлық.
Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды былайша жіктейді:
– қолдану деңгейі бойынша жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және модульдық;
– философиялық негіз бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизика
–лық, ғылыми және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және бағындыру, т.б.;
– психикалық дамудың жетекші факторы бойынша биогендік, психогендік, социогендік
және идеалистік;
– тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті–
рефлекторлы, бихевиористік, гештальт–технологиялар, интериозаторлық, дамыту;
– мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын және тәрбиелейтін, жалпы
білім беретін және кәсіби бағдарланған, гуманитарлық және технократтық, әртүрлі салалық, дербес пәндік, сонымен бірге монотехнологиялар, кешендік және кірме технологиялар;
– ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық–сабақтық және альтернативтік,
академиялық және клубтық, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, диференциялық оқыту;
– танымдық іс– әрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция,оқытудың
техникалық құрамдарының көмегімен оқыту,компьютерлік оқыту, т.с.с.;
– балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық– орталықтандырылған,
тұлғалық – бағдарланған, ізгілікті – тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін
тәрбие, т.б.;
– басым (үстемдік етуші) әдіс бойынша: догматтық– репродуктивтік, түсіндірмелі –
иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық,
бағдарламалық оқыту, диалогтық, ойын, өзін – өзі дамытушы оқыту, ақпараттық;
– дәстүрлі әдістемені модернизациялау бағыты бойынша: қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізінде, іс– әрекетті белсендіру мен интенсификациялау негізінде, ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі негізінде,әдістемелік және диалектикалық негізде, табиғаттқа сәйкестік, альтернативті, авторлық мектептердің тұтас технологиялары;
–оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, оза оқыту,орнын толтыру, виктимологиялық,қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары, дарынды балалармен жұмыс істеу технологиялары.
Бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын, түрлерін ажыратуға көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып 2– ге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |