Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет48/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Негізгі ұғымдар: процесс, педагогикалық процесс, педагогикалық процестің заңдылықтары, педагогикалық процестің принциптері, қозғаушы күштер.
5.1. Педагогикалық процестің мәні

Мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық процестің мәнін түсінумен тікелей байланысты. Яғни педагогикалық процесс теориясының қалыптасуы мұғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады. Қазіргі педагогикалық процестің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп ғалым зерттеушілердің жинақталған материалдар негізінде жасалды.

М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық процесс – педагогикалық теорияның обьектісі» деген еңбегінде әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдірудің айқындалатындығын көрсетті.

Бұрынғы кеңестер одағы мен социалистік елдерде, ГДР– де шыққан еңбектерде «педагогикалық процесс» оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылды. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия ) «педагогикалық процесс»деген ұғым «оқыту» деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.

Педагогикалық процесс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей байланысты. Біздің еліміздегі әдебиеттерде «педагогикалық процеске» ең алғаш рет анықтаманы П.Ф.Каптерев берді, ол оны «білім беру процесі» ретінде қолданды және бұл сөзді (терминді) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізді.

Каптерев ұсынған анықтамасында «педагогикалық процесс» ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды.

Түйіндей келе, П.Ф.Каптерев «педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде болады» – деген пікірге келді.

Кеңестік педагогикада «педагогикалық процесс» ұғымын Н.К.Крупская, А.Г.Калашников, А.П.Пинкеевич, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий және т.б. зерттеді. Тағы да сол сияқты А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М.Коротов, және т.б. еңбектерінен педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды көруге болады.

С.Т.Шацкийдің пікірінше, педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік – экономикалық орта, іс –әрекеттер мен ықпал ететін обьектінің психологиялық–физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс – әрекеті. А.П.Пинкеевич педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі ролінен туындайтын әлеуметтік және педагогикалық, психологиялық аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді. Л.С. Выготский: «педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек » – дейді. Б.Т.Лихачев: «Біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі» – деді. Ал Ю.К.Бабанский: «Педагогикалық процесс – оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі» – деп қарастырды. П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов: «Біртұтас педагогикалық процесс – оқыту мен тәрбиенің бірлігі» – деп қарастырды. В.А. Сухомлинскийдің «Педагогикалық процестің тұтастығын – мұғалім мен оқушының рухани бірлестігі және үлкен адамның басшылығы» – деген ой – пікірлері өте маңызды.

Демек педагогикалық процестің түпкі мақсаты – адамның тұлға болып қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бөлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптастудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады.

Сонымен тұтас педагогикалық процесс дегеніміз – оқытушылар мен тыңдаушылар–дың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруші белсенді іс – әрекеті.

Қазақстанда педагогикалық процесс теориясын жасаушы Надежда Дмитриевна Хмель. Оның анықтамасы бойынша, педагогикалық процесс дегеніміз – оқушылардың мәдени байлықты меңгеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге даярлануға бағытталған, мұғалімнің қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын өзара бірлескен іс – әрекеті болып табылады.

Түйіндей келе, педагогикалық іс– әрекетте еңбек субьектісі мұғалім болады, педагогикалық процесс мұғалім мен оқушының арасында жүреді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет