READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс атқара алады.
Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын арқылы
ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл жағдайда
А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |