Қазақстан республикасының білім жєне ғылым министрлігі


Бақылау түрлері және бағалау өлшемдері туралы ақпарат



Pdf көрінісі
бет74/84
Дата24.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133195
түріПрактикум
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
аза стан республикасыны білім жєне ылым министрлігі

Бақылау түрлері және бағалау өлшемдері туралы ақпарат 
Ауызша сұрау 
– ойлау мен сөйлеуді дамытудың маңызды құралы, ол қандай 
да бір себептермен өткен сабақтарда жеткілікті түрде түсінікті болмай қалған 
мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Бағалануы: 
- білім алушының білімі мен ой-өрісі; 
- логикалық жауап бере білу; 
- монолог тілін меңгеру және басқа да коммуникативтік дағдылар. 
Әңгімелесу – 
білім алушының белгілі бір бөлім, тақырып, мәселе және т. б. 
бойынша білім көлемін анықтауға арналған оқылатын пән тақырыптарының 
шеңберінде оқытушының студентпен арнайы әңгімелесуі. 
Коллоквиум 
(лат. colloquium-әңгіме, әңгімелесу) тек қана тексеру ғана емес, 
сонымен қатар студенттердің білімін арттыру нысаны болып табылады. 
Коллоквиумдарда жеке бөлімдер, бөлімдер, тақырыптар, семинарлық және басқа 
да практикалық сабақтар тақырыбына енгізілмейтін оқытылатын курс сұрақтары, 
білім алушылардың өзге де жұмыстары талқыланады. 
Эссе
- жазбаша жұмыстардың бір түрі, базалық пәндерді игеруде тиімді. Осы 
бақылау нысанының рөлі бітірушінің экономикалық білім негіздерін алуды, 
экономикалық ғылымның базалық әдістерін игеруді көздейтін әмбебап құзыретін 
қалыптастыру кезінде ерекше маңызды. Эссе-оқытушымен ұсынылған 
тақырыптағы көлемі бойынша шағын дербес жазбаша жұмыс. 
Эссе мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту және 
өзіндік ой-пікірлерді жазбаша баяндау. Эсседе қойылған мәселенің мәнін нақты 
баяндау, тиісті пәннің тұжырымдамалары мен аналитикалық құралдарын 
пайдалана отырып, осы проблеманың өз бетінше жүргізген талдауын, қойылған 
мәселе бойынша авторлық ұстанымды жинақтайтын қорытындыларды (эссенің 
ұсынылатын көлемі - 10 мың белгі) қамтуы тиіс. 
Кейбір жағдайларда эссе - бұл білім алушының зерттелетін мәселе бойынша 
жинаған нақты деректерін талдау, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған 
материалдарды талдау, оқытушымен ұсынылған мәселелерді толық түсіндірумен 
және зерттелетін проблеманы бейнелейтін мысалдарды егжей-тегжейлі талдау 
және т.б. болып табылады. 
Жұмыс сапасы келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- орындау дербестігі,
- ережелер мен қорытындыларды дәлелдеу қабілеті,
- негізділігі,
- нақтылық, ықшамдық,
- мәселені қою ерекшелігі,
- тақырыпты меңгеру және материалды мазмұндау деңгейі (материалды 
іріктеудің негізділігі, бастапқы көздерді пайдалану, фактілерді өз бетінше түсіну 
қабілеті, мазмұндама құрылымы мен логикасы). 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі 
проректорының 2019 жылғы 02 шілдедегі №101-Р өкіміне сәйкес С.Аманжолов 


96 
атындағы ШҚМУ-да білім алушылардың 2019-2020 оқу жылына арналған 
жазбаша жұмыстарының түпнұсқалық пайызының нормалары белгіленген, онда 
эссе үшін түпнұсқалық және дәйексөздің жалпы көрсеткіші - 35%-дан кем емес. 
Мақала, 
параграфтар 
мен 
оқулық 
тарауларының 
конспектілері

кітапшалардың, кітаптардың толық мәтіні олардың дайындығына салынған 
еңбекті ескере отырып бағаланады. Олар жұмыс жоспарларымен немесе толық 
жазылған мәтінмен алмаспайды: студент негізгі таңдауды үйренуі тиіс. Дәріс 
иесінің тегі көрсетілген дәптерде жазылады. Міндетті түрде оқулықтың, кітаптың 
(мақаланың) авторы, басылымның орны мен жылы көрсетіледі, ал жиектерінде 
конспектіленетін мәтін орналасқан беттер белгіленеді. Конспектінің сапасы 
студент өзінің түсініктерімен, сызбаларымен немесе кестелерімен бірге жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет