Презентация жасаңыз:
- Бизнес-ойлау психологиясы.
- Бизнес-идеяны қалай таңдау қажет?
- Бизнес үшін электрондық қызмет негіздері.
Құрылымдық логикалық схеманы аяқтаңыз:
?
?
?
?
?
Жаңа
кәсіпорын ашу
тәртібі
Кәсіпкерліктің
түрлері
?
?
?
62
Төмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз:
Кәсіпкер
Кәсіпкер емес
Тест тапсырмалары:
1.Шағын бизнестің артықшылықтары:
А)жұмысшы күші мен капиталдың алмасуын жеңілдетеді;
В)жаңа өнім немесе қызмет түрін тез игереді;
С)өндіріс құрылымын жеңілдетеді;
D)барлық жауап дұрыс.
2.Жеке – дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды?
A) орта;
B) шағын;
C) ірі;
D) шағын және орта;
E) орта және ірі.
3.Шағын бизнестің артықшылығына төмендегілердің қайсысы жатпайды?
А) барлығы;
В) икемділік және тез бейімделушілік;
С) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу;
D) жергілікті ресурстарды пайдалану;
Е) тәуекел деңгейінің жоғары болуы.
4.Шағын биснестің кемшіліктеріне төмендегілердің қайсысын жатқызамыз?
А) тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
В) өткізу нарықтарының тарлығы;
С) қосымша қаражат тарту мүмкіндігінің төмендігі;
D) қызметкерлер біліктілігінің жоғары болмауы;
Е) барлығы.
5.Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңы қай жылы
қабылданды?
A) 2006 жылы 31 қаңтар;
B) 2006 жылы 7 ақпан;
C) 2005 жылы 11 желтоқсан;
D) 2004 жылы 3 қаңтар;
E) 2006 жылы 2 наурыз.
6.Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:
63
A) жеке және біріккен;
В) өзіндік және бірлескен;
C) ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
E) барлық жауап дұрыс.
7.Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады?
А) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен
меншігі және өзіндік кәсіпкерлік;
В) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік;
С) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік;
Е) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай
серіктестік.
8.Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері:
А) аумақтық салық органында тіркеу және келіп тіркелу;
В) өтініш жазу және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу;
С) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылмайды;
D) келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу;
Е) дұрыс жауап жоқ.
9.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі шарттары қандай?
А) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық;
В) әлеуметтік, экономикалық;
С) экономикалық, құқықтық;
D) инновациялық, құқықтық;
Е) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, инновациялық.
10.Өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру,
делдалдық бұлар кәсіпкерліктің қайсысына жатады?
А) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайлары;
В) кәсіпкерліктің түрлері;
С) кәсіпкерліктің қызметтері;
D) кәсіпкерліктің формалары;
Е) кәсіпкерліктің белгілері.
11.Патент қандай мерзімге беріледі?
А) бір жылдан көп мерзімге;
В) бір күнге;
С) кемінде бес жылға;
D) тоқсан күнге;
Е) кемінде бір айға.
64
12.Кәсіпкер патент алу үшін қандай табыс сомасын көрсетеді:
А) нақты жылдық табысын;
В) ұйғарылған тоқсандық табысын;
С) шамаланған жылдық табысын;
D) табыс сомасын көрсетпейді;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
13.Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін құжаттар
мен меншікті қаржылық қаражаттарын тиімді пайдалану келесі қаржылық
институттың негізгі мақсаты болып табылады:
А) микрокредиттік ұйымдардың;
В) лизингтік компаниялардың;
С) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның;
D) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның;
Е) дұрыс жауап жоқ.
14.Кәсіпкер түсінігін алғаш рет енгізген ағылшын экономисі – ол:
А) Р. Кантильон;
В) Ж.Б. Сэй;
С) А.Смит;
D) А.Маршал;
Е) Дж.Б.Кларк.
15.Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне төмендегілерден қайсысы жатады?
А) Қазақстан Республикасының және басқа да елдің азаматтары;
В) заңды түрдегі шетел азаматтары;
С) өкілеттігі шектеулі тұлғалар;
D) азаматтық бірлестіктер;
Е) барлығы.
16.Кәсіпкерліктің объектісі?
А) шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері;
B) жеке тұлғалар;
C) заңды тұлғалар;
D) мемлекет;
E) серіктестіктер.
17.Кәсіпкерлік теорияның қалыптасуына өз үлесін қосқан әйгілі экономист?
А) Р.Кантильон;
В) А.Смит;
С) А.Тюрго;
D) Ж.Б.Сэй;
Е) Д.Шумпетер.
65
18.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты не?
А) табыс табуға бағытталған комерциялық жетістік;
В) банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес
институттар арасында қаражат тарту және несиі беру бойынша бәсекелестікті
күшейту;
С) клиенттің қаржылық жағдайын талдау;
D) өзгерістерді болжау;
Е) қызмет көрсетудің сапасын қадағалау.
19.»Startup» –
А) фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады;
В) техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау;
С) жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық
негізделген аналитикалық құжат;
D) болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін кәсіпорын;
Е)ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған
уақытша құрылым.
20.Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттығын анықтап, оны
түсіну үшін кәсіпкердің қандай қызметін түсіну керек?
А) кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, себебі орындаған жұмысы
мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді;
В) кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады
және кәсіпорынның іс-бағытын айқындайды;
С) кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін адам;
D) кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам;
Е) барлығын.
Достарыңызбен бөлісу: |