53
Мына анықтамалар мен ұғымдардың сәйкес жұптарын табыңыз:
а)қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында мемлекеттің жеке және заңды
тұлғалардан алатын міндетті төлемдері;
А. Фискалдық саясат
ә)кіріктірме
тұрақтандырғыштарды
қолдануды талап ететін фиска;лдық саясат;
Ә. Салық ауыртпашылығы
б) қаржы қорларын қалыптастыру және
оларды жұмсауға байланысты туындайтын
қатынастар жиынтығы;
Б. Жанама салықтар
в) берілген жыл ішінде мемлекеттік
шығындардың оның кіріс көздерінен асып
кетуін сипаттайтын сома;
В. Субвенциялар
г) шығындарды қаржыландыруға арналған
бюджетке кірмейтін қаржы құралдары;
Г. Мемлекеттік бюджет
ғ) мемлекеттің өз елінің және шетелдің жеке
және заңды тұлғаларына деген қарыз
сомалары;
Ғ. Шоғырландырылған бюджет
д) мемлекеттік шығындар мен табыстардың
жыл сайынғы сметасы;
Д. Салық мөлшерлемесі
е) қаржылық қатынастардың және қаржы
құралдарын іске асырушы институттардың
жиынтығы;
Е. Бюджеттен тыс қорлар
ж) мемлекеттік шығындар мен салық салуды
өзгерту бойынша үкіметтің қабылдайтын іс-
шараларының жиынтығы;
Ж. Баланстанған бюджет мультипликаторы
з) ұлттық өнімнің белгілі бір бөлігін бөлу
және қайта бөлу үдерісінде туындайтын
экономикалық қатынастар жиынтығы;
З. Қаржылық қатынастар
и) жалпы тұтас ел бойынша, аймақ немесе
территория
бойынша
қалыптасқан
бюджеттер жинағы;
И. Қаржы жүйесі
к) мемлекеттік шығындармен және салық
салу арқылы мемлекеттің саналы түрде іске
асыратын айла-шарғысы;
К. Секвестрлеу
қ) төменгі тұрған бюджеттерге аударылатын
және қатаң мақсаттық бағыттылығы бар ақша
сомалары;
Қ. Бюджет тапшылығы
л) салық салу бірлігінен алынатын салық
шамасы;
Л. Салық төлеуші
м) салық сомасының шамасы;
М. Салықтар
н) ұлттық өнім шамасының мемлекеттік
шығындар мен салықтар шамасына сәйкес
тең дәрежеде өсуі;
Н. Мемлекеттік қарыз
о) мемлекеттік бюджеттің баптары бойынша
оның шығыстарын тең дәрежеде төмендету
шаралары;
О. Автоматты фискалдық саясат
ө)тауардың немесе қызметтің бағасына
қосылатын және оны өсіретін салықтар;
Ө. Қаржы
п) табысының бір бөлігінен салық төлейтін
тұлға.
П. Дискрециялық фискалдық саясат
Достарыңызбен бөлісу: