Өзіндік жұмыстардың түрлерін орындаудың тәртібі
Практикалық және зертханалық сабақтарға дайындық - студенттердің өзіндік жұмысының дәстүрлі түрі, яғни дәрістік материалды тапсыру, қарастырылған әдебиетті зерттеу, оқу құралын немесе мақаланы конспектілеу.
Сұрақтарға, коллоквиумдарға дайындалу - бұл сарамандық немесе лобораториалық сабақтарда жүргізіледі, сұрақтарды зерттеуді талап, негізі терминдерді қайталау, формаларды және алгоритмдерді есте сақтау.
Тестілеуге дайындық – белгілі бір терминдеге назар аудара отырып тақырып бойынша немесе блок бойынша тереңдетіп оқуды талап етеді және күндерді, алгоритмдерді, ғылымдардың еңбектерін, ережелерді қарастырады.
Аудиториядағы бақылау жұмысына дайындық - есептеу формаларын, әдістер және есептік көрсеткіштерді шығаруды түсіну.
Үйде арналған бақылау жұмыстары - өзіндік жұмыстарға берілген материалды бекіту бағытында жүргізіледі және ірі тақырыптар немесе блоктар тақырыбы бойынша бекіту үшін орындалады.
Үй тапсырмалары - әртүрлі түрдегі тапсырмаларды үнемі орындап отыру, мысалы есептерге шолу жасау.
Рефераттар - белгілі бір мәселе бойынша беріген тақырыпта ғылыми және арнайы әдебиеттер негізінде қысқаша түсінік беру. Олардың мақсаты - әдебиетпен, статистикалық берілгендермен студенттің жұмыс істей білуге үйрету, қарастырылып отырған мәселені аша білуге және жазбаша түрде оны логикалық, нақты баяндай білуге үйретеді.
Баяндамалар маңызы бойынша рефераттарға жақын, бірақ қарастырылып отырған сұрақтар шегі тар. Баяндаманы дайындау студенттің оны қызықтыратын сұрағына барлық негізде зерттеу жүргізуге үйретеді.
Эссе – белгілі бір тақырып бойынша қысқаша тұжырым. Оның ерекшелігі – индивидуалдылық, оқытушы қойған мәселе бойынша өздігінше, шығармашылық түрде анықтай білу. Студентқа өзіндік жұмыс ретінде берілген эссе тақырыптары оқытылып отырған пән бойынша нақты сұрақтар болуы мүмкін. Оқытушыны студенттыың жеке өз ойын біліу ғана қызықтырады.
Іскерлік ойынына дайындық – ролдерді болумен, қажетті материалдарды жинаумен тығыз байланысты. Нәтижелерді сипаттау берілгендерді талдау, жалпыландыру және ұсыныс жасау негізінде жасалады.
Курстық жұмыс – білгілі тақырып бойынша өздігінен зерттеу. Зерттеу барысында студент ғылыми, оқулық, арнайы әдебиеттермен, құжаттармен анықтамалармен және архивтік құжаттармен жұмыс істеуге ізденіс іс-әрекет әдістерін меңгереді, ақпараттарды талдай беруге; пән бойынша білімдерін кеңейтеді; практикалық міндеттерін шешуге, өзіндік жұмысты белсендіріп және шығаршылық ойлауға үйреттеді.
берілген ақпараттар;
орындалу кезектілігі;
жұмыстың құрылысы және безендіру;
жұмысты қорғау;
оны бағалау критериясы;
Студенттің өзіндік жұмысын жоспарлайтын кафедралық құжаттар студенттердің өзіндік жұмысы бойынша кафедра жоспары және кеңес беру графигі.
Достарыңызбен бөлісу: |