Ф.7.03-03
Турсынбаев А.З
«АСТРОНОМИЯ»
пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ және жоғары білім МинистрЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЗИКА» кафедрасы
Турсынбаев Абай Закирович
6В05310-Физика БББ бойынша ЕП-21-3к1,2,3,4,5,6 топ студенттеріне
«Астрономия»
пәні бойынша өзіндік жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу формасы: Күндізгі
Шымкент – 2023 ж
ӘОЖ 910.1
КБЖ 26.8
Құрастырған: Турсынбаев А.З. «Астрономия» пәні бойынша өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқауы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ, 2023. – 32б.
Әдістемелік нұсқау «Астрономия» пәнінің оқу жоспары мен оқу бағдарламасы бойынша таңдау компонентінің оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелік нұсқау «Астрономия» пәні бойынша бағдарламасына сәйкес, өзіндік жұмыстардың оқу материалдарын толық игеруге арналған тапсырмаларды қамтиды.
Әдістемелік нұсқау 6В01520 - «Физика»БББ-ының студенттеріне арналған.
Әдістемелік нұсқау «Астрономия» пәнінің оқу бағдарламасына № , ж. сәйкес құрастырылған.
Пікір беруші:
Әдістемелік нұсқау «Физика» кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды (Хаттама № « » 2023ж.)
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» ЖМ әдістемелік комиссиясымен мақұлданды (Хаттама № « » 2023ж.)
М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-Әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды (хаттама № « » 2023 ж)
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, 2023
Баспаға жауапты: Турсынбаев А.З
Мазмұны
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
Оқытудың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі
|
7
|
2
|
Жалпы ереже
|
12
|
3
|
Өзіндік жұмыстың негізгі формаларына жалпы сипаттама
|
13
|
4
|
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру
|
15
|
5
|
Өзіндік жұмыстың өзге түрлері
|
16
|
6
|
Әдебиеттермен жұмыс істеу тәртібі
|
17
|
7
|
Кафедраның әдістемелік қамтамасыз етілуі
|
19
|
8
|
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
|
20
|
9
|
Бақылау және студенттердің өзіндік жұмыстарын бағалау критерийлері
|
21
|
10
|
Астрономия пәнінен білімді бекіту сұрақтары
|
24
|
11
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
31
|
Кіріспе
Пәнде Ғаламның құрылысы мен дамуы туралы түсініктердің эволюциясы сипатталады; негізгі эксперименталды фактілер, астрономия ұғымдары мен заңдары; астрономиялық зерттеу әдістері және олардың ғаламдағы эволюциялық процестердің құрылысы мен динамикасын танудағы рөлі; орта жалпы білім беру мекемелерінде пәнді оқыту әдістемесі баяндалады; астрономиялық құралдардың құрылысы және практикалық астрономия есептерін шешу түсіндіріледі.
Пәннің мақсаты - Студенттерге қарастырылатын аспан денелерінің механикалық қозғалысының негізгі заңдарын терең түсіндіру, астрономиялық құбылыстарды зерттеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгеруге және студенттердің алған білімдерін өз бетінше іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Пәннің міндеттері:
- әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру.
- космостық денелерді зерттеуде қазіргі ғылыми әдістер жөнінде түсініктер қалыптастыру.
- үлкен масштабтағы ұақыт-кеңістік мәселелерін айқындау түрлері және күрделі зертеулерді сараптай білу.
- студенттерге астрономия ғылымының даму жолдарын зерттеу арқылы ғылымның ролін түсіндіре білу.
- аспан жұлдыздарын бақылау арқылы қоршаған ортаға деген адамгершілік қатынастарды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |