Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министірлігі


Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар



бет3/15
Дата18.10.2023
өлшемі245 Kb.
#186480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX, Биология 《8》
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.

Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен ерекшеліктері теориялық білім, оның кәсіби әрекетіне байланыстылық дәрежесіне қарай анықталады. Мұндай жұмыстарға: өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, тезис, конспект жасау, логикалық тапсырмалар орындау, өз бетінше формула құрастыру, теорема дәлелдеу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.
Көрсетілген жұмыстардың дидактикалық шарты мен негізгі ерекшелігі – оны басқарудағы педагог әрекетіне байланыстылығы. Оқытушы жаңа түсініксіз болған терминдердің мағынасын студенттерге түсіндіріп, қажеттілік болған жағдайда бұрын айтылғанды естеріне түсіру бағыт беруі керек.

  1. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар - аталуына сәйкес, эмпирикалық, практикалық білім алуға негізделген. Бұл жұмыстардың бір топқа біріктілігінің қажеттілігі мынадай дидактикалық шарттарға байланысты: біріншіден, практикалық білім, сондай-ақ эмпирикалық сәйкес өзіндік жұмыс үрдісінде орындалуы қажет; екіншіден, мұндай өзіндік жұмыс түрі арнайы дидактикалық материалдарды (практикалық тапсырмалар, жағдайлар т.б.) талдауды қажет етеді; үшіншіден, оны өткізу әдістемесі оқулықта, оқу бағдарламаларында көрсетіледі, төртіншіден, оқу әрекетінің құрылымдық компоненттерінің жалпы ерекшеліктеріне ұқсас.

Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруды және ақыл-ой мен эмпирикалық парктикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың өзіндік формаларын ұсынады: іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас т.б.

  1. Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстарға – жалпы оқу және кәсіби білік, дағды қалыптастыратын жұмыстар жатады. Тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жеткізіледі.

  2. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстардың мақсаты – оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру.

Жұмыстың бұл түрі мәселенің ұзақ зерттелуін талап етеді. Сондықтан сабақтан тыс уақыттарда зерттеуді өткізу әдістемесі, материал жинау әдістері, осы материалдарды ірктеу, қорытынды шығару, талдау т.б. қажет болады. әсіресе, бұл жұмыстарды курстық, дипломдық жұмыстармен дидактикалық байланысын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Жұмыстың қорытындысына байланысты сабақта, конференция т.б. хабарламалар, баяндамалар жасалынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет