Арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Арнайы медициналық топтардағы сабақтарға дәрігерлік комиссия денсаулықтары нашар деп таныған, тұрақты немесе уақытша ауыратын студенттерді жібереді. Оларға сабақтар негізгі оқу тобынан бөлек уақыттарда жүргізіледі. Оқу тобындағы студенттер бірнеше оқу топтарынан іріктеліп құрастырылады. Оларға сабақты арнайы дайындықтан өткен дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді.
Осы сабақтарға қатысқан, оқу бағдарламасының нормаларын, талаптарын тапсырған студенттерге дене тәрбиесінен әрбір семестрлерде сынақ қойылып отырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |